ЕЗУТАРТАР
АНАУ ДА МЫНАУ
Виктор Гюго Пруссияға бара жатыпты. Шекарада аялдағандарында анкета толтыратын жандарм одан:
–Немен шұғылданасың? – деп сұрапты.
– Кітап жазам.
– Не жазатыныңда шаруам жоқ, немен мал табасың?
– Қаламмен, – дейді жазушы.
Жандарм анкетаға «Гюго, қалам сатушы» деп жазыпты.
* * *
Джек Лондон баспаға тапсырмақ болған қолжазбасын келісілген уақытында бере алмапты. Баспа иесі оған: «Лондон мырза, егер новеллаңыз жиырма төрт сағаттың ішінде менің қолыма тимесе, онда сізді өз қолыммен жазалаймын. Есіңізде болсын, мен айтқан сөзімде тұрам!» деп жеделхат жіберіпті. Оған Джек Лондон: «Мырза-еке, егер мен де тек қолмен ғана жұмыс істейтін болсам, онда мен де айтқан сөзімде тұрар едім» деп жауап кайтарыпты. Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Публицистика | Жарияланған күні: 19-06-2012
ЗЕРТТЕУ. ЗЕРДЕЛЕУ. КӨЗҚАРАС
Әмір ЖАЛБАҒАЙ, Толқын РАМАЗАН
АҚЫН ТӨРЕ ИҮЙЧҰАН КҮШЛІКХАН
(1311-1381)
Ақын Төре Иүйчұан Күшлікхан туралы айтпас бұрын, тарихқа аз-маз шолу жасап алсақ деген ойдамыз. Себебі, онсыз ақынның кім екені толық ашылмайды. Ендеше…
Найман хандығы
«Найман тайпалар одағы Ⅷ ғасырдың орта шенінде жоғары Ертіс пен Орхон аралығында сегіз-оғыз (яғни «сегіз тайпаның одағы») деген атаумен пайда болған. Сегіз-оғыздар Хангайдың батысынан Тарбағатайға дейінгі жерді, яғни өзіміз наймандар (мекені) деп атайтын жерді алып жатты… кеш дегенде ғасырда найман тайпалары Селенга мен Орхон өзендерінің сағасынан Алтай тауларының шығыс сілемдеріне дейінгі шығыстан батысқа қараған аумақты алып жатты». Парсы тарихшысы Рашиддин наймандардың бір бөлегі тау-тасты, ал бір бөлегі шүйгін дала жазықтарын мекендеген көшпелілер болғанын тілге тиек етеді: «Керейттер Тола өзенінің аңғарын, Орхон өзенінің орта ағысы мен Онгын өзенінің аңғарын мекендеді… Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Зерттеу | Жарияланған күні: 19-06-2012
ТӘРЖІМЕ ТУРАЛЫ ТОЛҒАМДАР
Дандай ЫСҚАҚҰЛЫ
АУДАРМАДАҒЫ АБАЙ ДӘСТҮРІ
Қазақ әдеби аудармасының бастау көзін Ыбырай Алтынсарин ашты. Оның 1879 жылы шыққан «Қырғыз хрестоматиясында» орыс әдебиетінен аударылған бірнеше шығармаларға, атап айтқанда, Л.Н. Толстойдың, И.А. Крыловтың, К.Д. Ушинскийдің, И.М. Паульсонның ағартушылық бағыттағы туындыларына орын берілді. Педагог Ыбырай орыс жазушыларының шығармаларының ішінен тек тәрбиелік маңызы барларын ғана аударған. Неге олай істеді? Сол кездегі қазақ қоғамының алға дамып, өсіп-өркендеуі үшін білім-ғылымның аса қажет екендігін түсінген қазақ зиялылары ағартушылық жолға бастады. Халқының мүшкіл халін бар жан-тәнімен сезінген Ыбырай елдің көзін ашу мақсатымен алғаш рет қазақ даласында мектеп ашып, білімнің дәнін шашты, «адамдықтың диқаншысы» болды. Алғашқы қазақ тіліндегі оқулыққа орыс жазушыларының білім алуға, адамгершілікке үндейтін, яғни «педагогтық», тәрбиелік сыпаттағы шығармаларының іріктеліп алынуының өзі де осы себептерден туған заңдылық еді. Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Зерттеу | Жарияланған күні: 19-06-2012
АУДАРМА ӨНЕРІНІҢ ҚЫРЛАРЫ

Сауытбек АБДРАХМАНОВ
ПОЭЗИЯНЫҢ АУДАРМАСЫ ЖӘНЕ АУДАРМАНЫҢ ПОЭЗИЯСЫ
Мыңжылдықтар алмасып, ғасырлар ауысқан соңғы жылдар бүкіл адамзат қауымы үшін орасан өзгерістер кезеңі болды. Ол оқиғалардың бүкіл дүниедегі саяси күштердің ара-салмағын түбегейлі өзгерткені, ең бастысы – жалпыадамзаттық жаңа ұғымдар қалыптастыруға бастайтын тың жолды табуды, соны рухани ізденістерді күн тәртібіне қойып отырғаны талас тудырмайды. Тәуелсіз Қазақстан дүниежүзілік қауымдастыққа еркін араласқан сайын өмірдің қай саласында да аударманың маңызы артқан үстіне арта бермек. Атап айтқанда, әлемдік қауымдастықтың назары түскен дүниелерді, олардың бұрынғыдай орысшаға аударылғанын күтіп жатпай, әлемдік тілдерден қазақшаға тікелей тәржімелеу алдағы ғасырда үйреншікті іске айналатын болады. Сондықтан да қазіргідей өтпелі кезеңде көркем аудармада жинақталған тәжірибені қорыту, оны теориялық тұрғыдан тиянақтау, жетістігі мен кемістігін саралау, сөйтіп маңызды міндеттерді шешудің жолдарын айқындап алу қажет екені даусыз. Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Публицистика | Жарияланған күні: 19-06-2012
СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ
Анна ГАВАЛЬДА
ЖАЗЫЛМАЛЫ ТӨСЕК
новелла
Анна Гавальда – Франциядағы бүгінгі жас жазушылардың ішіндегі ең танымалы. Оның үш кітабы дүниежүзінің отызға тарта тіліне аударылып, жалпы таралымы үш миллионға жетті. Ең алғашқы «Жолымды тосып жүрген біреу бар деп алаңдаймын» новеллалар жинағы 2000 жылы Францияда әдебиет саласы бойынша берілетін ең мәртебелі сыйлық – Гран Приге ие болды. Қаламгердің «Мен оны сүйіп едім» атты романының желісі бойынша көркем фильм түсірілді.
* * *
Біздегі сауда бөлімінің бастығы Сара Бриоға сырттай ынтық болғаныма міне, бес жарым ай болды.
Басқаша қалай айтсам екен. Өзім бес жарым айдан бері Сара Бриоға ғашықпын деп ойлаймын. Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Проза | Жарияланған күні: 19-06-2012
СҰЛУ САЗДЫ СӨЗ САРАСЫ
Омар ҺАЙЯМ
ӨМІРГЕ ҚАЙТА АЙНАЛЫП КЕЛЕ АЛМАЙСЫҢ
Омар Һайям (1048-1131) – парсы математигі, астрономы, ақын, философы (толық аты – Абу-ль-Фатх Омар ибн Ибрахим аль-Һайям) шамамен 1048 жылы Хорасанның Нишапур қаласында дүниеге келген, әрі сонда қайтыс болған. Жас кезінде жақсы отбасының тәрбиесінде болған әрі өлеңге құмартып өскен, оның кейбір өлеңдері осы күнге дейін жеткен. Нишапурда жұмыс атқарған кезінде оқымыстылармен бірлесіп сол замандағы күнтізбеге өзгерістер енгізген.
Оның ең негізгі еңбегі – «Алгебра мәселелерінің дәлелі» атты кітап. Бұл кітаптың арабша қолжазбасы мен латынша аударма нұсқасы сақталған, әрі қазір көптеген шет тілдеріне аударылып басылды. Осы кітапта алгебраға «теңдеу шешетін ғылым» деген анықтама берген, бұл анықтама ХІХ ғасырдың соңына дейін сақталып келді. Оның «Евклидтің геометрияның бастамалары кітабындағы қиын формулаларға түсініктеме» атты кітабы шығыс математикасының дамуына ерекше рөл атқарған. Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Поэзия | Жарияланған күні: 19-06-2012
СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ
Уильям ФОЛКНЕР
ЕМИЛЛДІ ЕСКЕ ТҮСІРЕТІН
БІР ШОҚ РАУШАН ГҮЛІ
ХХ ғасырдың аса көрнекті жазушыларының бірі Уильям Фолкнер (1897-1962) АҚШ-тың түстігінде туып өскен, өмірінің көп уақытын сонда өткізген, сонда дүниеден озған. Ондаған романдардың авторы Уильям Америкадағы құл иеленушіліктің құлдырауын, бірақ оның адам санасында қалдырған іздерін суреттеуде ерекше қалам қарымын танытады. Сондай-ақ американ үлгісіндегі буржуазиялық өркениеттің шынайы кейпін ашуда да оған тең келер суреткер табу қиын. Ол 1949 жылы Нобель сыйлығын алардағы сөзінде: «Адамның ақыры дегенге мен сенбеймін. Ажалдың келгенін әйгілеген тағдыр сағаты соңғы рет соғып, оның жаңғырығы мәңгі жоқтың қиыр шетіне барып тұншыққан сәттің өзінде, адамның әлсіз, бірақ үзіліп бітпейтін дауысы естілмек, ол сөйлей беретін болады. Мен адамның шыдап қана қоймай, жеңіп шығарына да кәміл сенемін» деген екен.
***
Емилл Герисон бикеш қайтыс болды да, оны бүкіл ауыл тайлы тұяғына дейін шығып, арулап аттандырып салды. Қалайда бір арыс құлап түскендіктен еркектер жағы құрмет сезіммен тәу етсе, Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Проза | Жарияланған күні: 19-06-2012
СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ
Джованни БОККАЧЧО
ДЕКАМЕРОН
Адамзатқа ортақ сөз өнерінің бағзы бастауы б.д.д. ІІІ мыңжылдықтар мен б.д. ІІ ғасыры аралығын қамтитын ежелгі Шығыс дүниесінде жатса, содан тамырлана келіп, өркен жайған ежелгі грек, рим, византиялық әдебиеттің дәуірлеу заманы б.д.д. VIII және б.д. V ғасырлары еді. Содан кейінгі аралықта батыс мәдениетін әр түрлі жағдайлар мен себептерге байланысты бірнеше ғасырларға созылған бейқұт дағдарыс жайлады. Араға тоғыз ғасыр салып барып, адамзаттық рухани мәдениеттің өркендеуіне тың серпін берген кезең еуропалық Ренессанс, яғни Жаңғыру дәуірі (XIV-XVI ғғ.) еді және бұл дәуірдің ізашарлары Италия топырағында дүниеге келген Алигьери Данте (1265-1321), Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Проза | Жарияланған күні: 19-06-2012
СҰЛУ САЗДЫ СӨЗ САРАСЫ
Cофы АЛЛАЯР
ДӘРМЕНСІЗДЕР ҚУАТЫ
(Сабатул әжизин)
мәснәуи дастан
Кешегі кеңестік кезеңде діни тақырыптағы кітаптарды оқу, аудару былай тұрсын, ұстаудың өзі қауіпті еді. Еліміз тәуелсіздік алып бабаларымыздың баға жетпеc мұраларымен қайта танысып жатырмыз. Алла тағалаға шексіз шүкірлік айтамыз. Абай мен көптеген алаш зиялылылары пір тұтқан ұлы ақын, сопы, ғұлама Софы Аллаяр (1634-1723) тек түркі тілінде ғана емес, араб, парсы тілдерінде де көптеген діни мұралар жазып қалдырған. Софы бабамыз 1700-1701 жылдары ақида және тақуалық туралы «Мәсләкүл муттақин» еңбегін парсы тілінде жазады. Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Поэзия | Жарияланған күні: 19-06-2012
СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ
Джон ГОЛСУОРСИ
АЛМАНЫҢ АЛБЫРАП
ПІСКЕН ШАҒЫ
Джон Голсуорси (1867-1933) – әлемге әйгілі ағылшын жазушысы. Атақты «Форсайттар туралы дастан» романының авторы, Нобель сыйлығының лауреаты (1932).
Голсуорси шығармашылығында импрессионизм мен реализм, гуманизм кеңінен көрініс тапқан. Ол – өмірдің сыршылдығы мен сұлулығын терең түсіне білген суреткер. Жазушының «Төрт желден» атты алғашқы кітабы 1897 жылы жарық көрді. Осы және осыдан кейінгі бірқатар туындылары Джон Синджон деген бүркеншік атпен жарияланды. Оның алғашқы «Күміс қорапша» пьесасы 1906 жылы жазылды. Сол жылы-ақ Форсайттар туралы трилогиясының алғашқы кітабы – «Өзімшіл» романы жарыққа шықты. Голсуорси сол кездің көптеген жазушылары сияқты негізінен драмалық шығармаларына әлеуметтік қарым-қатынастарды арқау етті.
***
«Алмадай албыраған, көктемдей көгілжіген…»
Еврипид «Ипполит»
Өздерінің күміс тойлары күні Эшерст әйелімен бірге автомбильге отырды да, екеуі алғаш танысқан Торкиге барып түнеп қайту үшін қысы-жазы көкпеңбек болып тұратын аршалы алқапты бетке алып, жүріп кеткен. Бұл сапар туралы бастама ойдың иесі – әрдайым әсершіл сезімнің жетегінде жүретін Стелла Эшерст еді. Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Проза | Жарияланған күні: 19-06-2012