Әлем әдебиеті

ӨТЕР БҰЛ КҮН. Юнус ЭМРЕ

0

ТҮРІК ПОЭЗИЯСЫ

Юнус ЭМРЕ

ӨТЕР БҰЛ КҮН…

Юнус Эмре – түріктің ұлы шайыры. Ғұмырбаяны туралы мәліметтер көмескі. Бі­рақ ғалымдар көп зерттеудің нәтижесінде ақынның шамамен 1240 (41) жылда­ры дүниеге келіп, 1302 (21) жылдары өмірден озғаны жайлы тоқтамға келіп отыр. Ол ХІІІ ға­сырда, селжұқтар билігі құлаған дәуірде өмір сүрген. Күллі ұлы шайырлар сияқты, заманының зарлы сарыны Юнус жырларынан да айқын көзге ұрады. Оның сырлы диуандары ауыздан-ауызға тарап, күллі дүниені кезіп кеткен. Сондықтан бір туындысының бірнеше нұсқалары болуы да заңды. Сол кездегі жазба әдебиет өкілдеріне тән үрдістен Юнус Эмре де тыс қалмаған: оның шығармалары ескі түрік тілінде жазылғанымен араб, парсы тілдерінің де әсері мол екені байқалады.

Шақырайын, Мәулім, сені

Тауларыммен, тастарыммен,
Анау түпсіз аспаныммен шақырайын, Мәулім, сені.
Сахарларда құстарыммен,
Барлық ғашық достарыммен шақырайын, Мәулім, сені.

Толығырақ »

ТҮРІК ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫНЫҢ ТҮЙІНІ. Ибрахим ЙЫЛДЫРЫМ

1

ЗЕРДЕ

ТҮРІК ӘДЕБИЕТІ  ТАРИХЫНЫҢ ТҮЙІНІ

Түріктердің ғасырлар бойы қалыптасқан ауызша және жазбаша әдебиет дәстүрі кезеңдік дәстүрлердің өнімдерінен құралған. Түрік әдебиетінің тарихи дамуы не­гізгі үш бөлімде қарастырылады:
– Ислам кезеңінен бұрынғы түрік әдебиеті,
– Ислам өркениетінің ықпалымен дамыған түрік әдебиеті,
– Батыс өркениетінің ықпалымен дамыған түрік әдебиеті.
Бұл кезеңдер түріктердің кірген діни және мәдени орталарының айқындаушы ықпалына назар аударыла отырып жіктелді.

Толығырақ »

АХМЕТ ИАСАУИ ЖӘНЕ ЮНУС ЭМРЕ. Ибрахим ЙЫЛДЫРЫМ

0

ҮНДЕСТІК ПЕН ҮЙЛЕСІМ

Ибрахим ЙЫЛДЫРЫМ,
Юнус Эмре атындағы Түрік мәдениет
орталығының директоры

АХМЕТ ИАСАУИ

ЖӘНЕ ЮНУС ЭМРЕ

Түркілердің мұсылман болуы және Анадолының ислам дінін қабылдауы ке­зеңінде ықпалды болған ең маңызды тұлғалардың бірі – Ахмет Иасауи, екіншісі Анадолыда мистикалық көзқарастың ғұламасы, бұқара тарапынан сүйіспеншілік­ке бөленген түркі және мистикалық әдебиеттің дамуына зор үлес қосқан Юнус Эмре еді. Осы мақалада Ахмет Иасауи және Юнус Эмренің бір-біріне ұқсас ортақ қасиеттері және әр түрлі бағытты салыстыру арқылы екі маңызды мистикалық тұлғаның халқымызға қаншалықты ардақты екенін көрсетуге күш саламын.
Ислам – термин ретінде сенім, тыныштыққа жету, амандыққа жеткізу, екі жақ­ты қорғаныс және бейбітшілікті орнату сияқты мағыналармен қатар, кешірімділік, татулық, бейбітшілік, келісім, ымыраласу сияқты мағыналарды да қамтиды.
Әр түрлі көзқарас пен іс-әрекеттерді төзімділікпен қабылдау, болмашы қа­теліктер мен ақауларды кешіру мағынасына келетін термин. Бізден басқа және бізге ұқсамағандарға қарсы күш қолданбау, қысым көрсетпеу, олардың кішігірім өзгешеліктері мен кемшіліктеріне көз жұма қарау деген сөз. Моральдық таным ретінде дара және қоғамдық деңгейде де мән берілуі қажет құндылық. Толығырақ »

МӘДЕНИ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ҰЛТШЫЛДЫҚ. Ерол ГҮНГӨР

0

ЗЕРТТЕУ. ЗЕРДЕЛЕУ. КӨЗҚАРАС

Ерол ГҮНГӨР

МӘДЕНИ ӨЗГЕРІСТЕР

ЖӘНЕ ҰЛТШЫЛДЫҚ

Ерол ГҮНГӨР (1938-1983) – танымал қоғам қайраткері, ғалым, публицист. Түркияның Кыршехир қаласында дүниеге келген. Кыршехирдегі соңғы шайхылардың бірі болған атасы Қажы Хафызоғлының тәрбиесінде өскен бала Ерол жас кезінен бастап Османлы мәдениеті, дін, руханият жайлы терең мәлімет алады. Туған қаласында мектеп бітіргеннен кейін Ыстамбұл университетінің заң факультетіне оқуға түседі.  Оқып жүріп Ыстамбұлда Зия Нұр, Нуреттин Топчы сияқты ғалымдар мен Нежіп Фазыл, Сезаи Каракоч сынды ақын-жазушылардың сұхбаттарына қатыса бастайды. Солардың әсерімен және профессор Мүмтаз Тұрханның бағыт сілтеуімен құқықтану бөлімінен әлеуметтік-қоғамдық психология бөліміне ауысып кетеді. Университетті тәмамдағаннан кейін ұстазының жанында қалып, оның ассистенті болады.
Студенттік жылдарда қолына қалам алған Ерол Гүнгөр «Дирилиш», «Төре», «Түрік әдебиеті», «Доғуш», «Иені дүшінже», «Хамле» сынды журналдар мен «Орта доғу», «Хергүн», «Миллет» атты газеттерге мақалалар жариялай бастайды. Көпшіліктің көкейіндегі мәселелерді қозғаған тұщымды, тұжырымды, ойға бай мақалалары оқырманды баурап алды.
1965 жылы докторлығын қорғаған Ерол Гүнгөр 1966-1967 жылдары АҚШ-тың Колорадо университетінде жұмыс істейді, тәжірибе жинақтайды. Елге оралғаннан кейін Ыстамбұл университетінің психология бөлімінде профессор болады.  
1982 жылы Кониядағы Селчук университетіне ректор болып тағайындалды. 1983 жылы қайтыс болғанға дейінгі аз ғана уақыттың ішінде бірнеше ғылыми зерттеу институтын, университеттің жеке ауруханасын және факультет ашып, іске қосты. Сонымен қатар, ол өмірінің соңғы жылдары өзі жетік меңгерген француз, ағылшын, араб және парсы тілдерінен көптеген аудармалар жасады.
Тарихқа, дін мен руханиятқа, мәдениет пен әдебиетке, философия мен социологияға және психологияға қатысты көптеген еңбектер жазған Ерол Гүнгөр бір сөзбен айтқанда, жан-жақты ғалым. Бұл тұрғыдан Зия Гөкалптың ізбасары болып табылатын ол «Тарихта түріктер», «Исламның бүгінгі мәселелері», «Ислам тасаууфына бакышлар», «Милли күлтүр уе ислам», «Күлтүр дегишмелері уе миллиетчілік», «Түркиеде батылылашма» және тағы басқа көптеген кітаптардың авторы.

Толығырақ »

ТҮРІК МӘДЕНИЕТІНІҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ. Бахаеддин ӨГЕЛ

0

ЗЕРТТЕУ. ЗЕРДЕЛЕУ. КӨЗҚАРАС

Бахаеддин ӨГЕЛ

ТҮРІК МӘДЕНИЕТІНІҢ

ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ

Бахаеддин ӨГЕЛ 1924 жылы дүниеге келген түріктің көрнекті ғалымы, танымал тарихшы, түрік мәдениет тарихының білгір маманы, профессор.
Бахаеддин Өгел тарих ғылымына үлкен дайындықпен келді. Ағылшын, фран­цуз, қытай, орыс тілдерін еркін меңгерген ол түпнұсқа дерек көздері мен көне қол­жазбалардың да ірі маманы еді. Түрік мәдениетінің ежелгі бастау кезеңдері мен көне дәуірлеріне қатысты еңбектер жазу үшін Қытай және Моңғолия жерінде зерттеулер жүргізіп, тақырыпқа қатысты негізгі дерек көздеріне жіті үңілді.
Бахаеддин Өгелдің 1962 жылы жарық көрген «Ислам дінінен бұрынғы түрік мә­дениетінің тарихы» атты еңбегі ғалымның көп жылғы ізденісінің нәтижесі еді. Бұл еңбегінде ғалым көне қытай дерек көздеріне жүгіне отырып, түрік халқының ежелгі мәдениетіне үңілді, түрік мәдениетінің әлем мәдениетіне қосқан үлесін анықтады.
Түрік мәдениетін тұтас қарастырған Бахаеддин 1971 жылы «Түрік мифологиясы» атты кітабының бірінші томын жариялады. Бұл еңбегінде мифологиямен бірге «Жаратылыс», «Ергенеқон», «Бозқұрттан тарау», «Көш», «Оғыз» сияқты көне аңыз­дар мен дастандарды талдай отырып, түріктердің дүниетанымы туралы тұщымды пікірлер айтты. Бұл кітаптың екінші томы ғалым өмірден өткеннен кейін ғана жарық көрді.
Тырнақалды еңбегі арқылы көрнекті мәдениет тарихшысы ретінде танылған Бахаеддин Өгел 1971 жылы жарық көрген «Түрік мәдениетінің даму кезеңдері» атты кітабымен  ғылымға жанашыр көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Осы кітаптың алғашқы томында ғұн, көк түрік, авар, печенек, хазар, оғыз, қырғыз, қыпшақ және бұлғарлар туралы кеңірек мәлімет беріп, олардың мәдени ерекшеліктеріне тоқталды. Аталмыш кітаптың екінші томында түріктер қоғамындағы әлеумет, әулет пен отбасы, мемлекет пен ұлт ұғымы жайында және түрік қағандарының міндеттері мен қасиеттері, мемлекеттік рәміздер мен мемлекет қызметкерлері туралы жан-жақты талдау жасады. Сондай-ақ, бұл кітапта түріктердің әскери жүйесі, қалалары мен әкімшілік басқару істері, сарайлары мен дүниетанымдары жайында баяндалды.
Бахаеддин Өгелдің 1981 жылы екі том болып жарық көрген «Ұлы Ғұн империясы» атты кітабы оның атын әлемге әйгілі етті. Бұл кітап Ұлы Ғұн империясына қатысты Қытай дерек көздеріне сүйеніп жазылған әлемдегі ең толыққанды зерттеу еңбек болып табылады.
Өгелдің іргелі зерттеу еңбектерінің бірі 1982 жылы жарық көрді. «Түрік қоғамындағы мемлекет ұғымы» деп аталған бұл кітапта ғалым түрік мемлекеті және жаратылыс, түрік мемлекеті мен Тәңір, Құт, қаған сайлау, қағанның міндеттері, мемлекеттік мәжіліс, халық пен мемлекет, түрік төресі, заң мен әскери жүйе жайында жан-жақты мәлімет береді.
Десе де, әйгілі ғалымның ең негізгі еңбегі алғашқы томы 1978 жылы баспаға беріліп, 1987 жылға дейін тоғыз томы  жарық көрген «Түрік мәдениеті тарихына кіріспе» атты көп томдық зерттеу кітабы деуге болады. Түрік мәдениетінің та­рихын біртұтас және түгел қарастырған автор аталмыш еңбегінде қытай дерек­теріне сүйене отырып, түріктердегі атажұрт ұғымы, жайлау мен қыстау, ауыл шаруашылығы, егіншілік, жеміс-жидектер мен үй жануарлары, отау, ошақ, ша­ңырақ, отбасы, ас, киім-кешек, мемлекеттік рәміздер, байрақ пен ту, әскери жүйе, ән-күй, өлең-жыр және басқа да тақырыптар төңірегінде терең талдаулар жасады. Бұл еңбек одан әрі жалғасын табар ма еді, әттең, оған ғалымның өмірі жетпеді. Бахаеддин Өгел 1989 жылы қайтыс болды.

Толығырақ »

ТҮРІК ӘДЕБИЕТІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ СОПЫЛАР. Мехмед Фуад КӨПРҮЛҮ

0

ЗЕРТТЕУ. ЗЕРДЕЛЕУ. КӨЗҚАРАС

Мехмед Фуад КӨПРҮЛҮ

ТҮРІК ӘДЕБИЕТІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ СОПЫЛАР

Мехмед Фуад КӨПРҮЛҮ – түркология ілімінің негізін қалаушы, ғалым, мем­лекет және қоғам қайраткері, профессор. 1890 жылы Ыстамбұл қаласында әйгілі Көпрүлү отбасында дүниеге келді. Оның арғы атасы Көпрүлү Мехмед паша Османлы мемлекетінің Бас уәзірі қызметін атқарған танымал тұлға еді. Одан кейін де көптеген мемлекет қайраткері шыққан әулеттің бай кітапханасы болды. Бұл әулетке елге танымал ғалымдар мен қоғам қайраткерлері жиналып, ғылыми сұх­баттар ұйымдастырылатын. Міне, осындай ортада өскен Мехмед Фуад 1913 жы­лы Ыстамбұл университетіне «Түрік әдебиеті және тарихы» бөліміне профессор болып қабылданды. 1915 жылы «Ұлттық зерттеулер» атты журнал шығарған Көпрүлү тіл, әдебиет, тарих, әдебиет тарихы, руханият саласында мақалалар жариялай бастады. 1918 жылы «Түрік әдебиетіндегі алғашқы сопылар» атты кітабын жа­риялады. Әлемдік түркология іліміне үлкен үлес болып қосылған бұл еңбек үшін еуро­палық танымал ғалымдар «құбылыс, түркология ілімінде жаңа дәуірдің бас­тауы» деп баға берді. Тақырыпқа қатысты түрік, араб, парсы және батыс тілдерінде жа­рия­ланған зерттеулер мен еңбектерді, әсіресе сол күнге дейін ғылым әлеміне белгісіз болып келген қолжазбаларды молынан пайдалана отырып жазылған кітапта негізінен түрік әдебиеті тарихы тұтас қарастырылып, түрік әдебиетіндегі сопылық дәстүрді қалыптастырған Қожа Ахмет Иасауидің өмірі мен шығармашылығына тал­дау жасалды.
1924 жылдан бастап Ататүріктің тапсырмасымен ашылған «Түркият зерттеу-орталығында» қызмет атқара бастады. Сол жылы «Түркология» журналын шығарып, оның бас редакторы болды.    Толығырақ »

ТҮРІК ПОЭЗИЯСЫ

0

ТҮРІК ПОЭЗИЯСЫ

Ахмет Кутси ТЕЖЕР

ҚАЙДА СОЛ БІР

БАЛ КҮНІМ?..

Ахмет Кутси ТЕЖЕР 1901 жылы 4 қыркүйекте дүниеге келіп, 1967 жылы 23 шіл­деде Ыстамбұлда қайтыс болған. 1929 жылы Ыстамбұл университетінің философия бөлімін бітірген. Өлеңдері 1921 жылдан кейін түрлі журналдарда жариялана бастаған. Поэзия патшалығына өзіндік ою-өрнегімен келген талантты ақын кейде лирикаға қалам тербесе, енді бірде ұлттық сезімді ұлықтайтын өлеңдер жазған. Ал драматургияда ұлттық құндылықтарға баса мән бергенін анық байқауға болады.

ҚАЙДАСЫҢ…

Түнде бір үн бұзар әркез ұйқымды,
Тулап жүрек, іздейді тек өзіңді.
Іздеп келем қайдасың сен, сүйкімдім?
Сағындым мен нұрға толы көзіңді.

«Уақыт – емші» деген сөз бар халықта,
Уақыт бірақ жанға дауа болып па?
Жатсам-тұрсам естен кетпес назды үнің,
Өткен күнді шығам оймен шолып та. Толығырақ »

ОН ЕКІГЕ БІР МИНУТ БАР. Халдун ТАНЕР

0

ТҮРІК ПРОЗАСЫ

Халдун ТАНЕР

ОН ЕКІГЕ БІР

МИНУТ БАР
әңгіме

Халдун ТАНЕР (1915-1986) Ыстамбұлда дүниеге келген. Германияда саясаттану факультетінде оқыған. Елге оралғаннан кейін Ыстамбұлда «Өнер тарихы және Түркітану» бөлімдерін тәмамдаған. Университетте оқытушы болып жүргенде театрмен жұмыс істеді. Әңгімелерінде үлкен қалалардың тұрғындарын және олардың қасиетсіздіктерін терең зерттей отырып, сықақ және сыни тұрғыда суреттейді. Халдун Танер саяси-сыни тақырыптарда  пьесалар да жазды.

Қалай басталды, қай уақытта басталды білмей қалдым.  Алғашқы белгілерін тоғыз жастағы кезімде берген еді. Қонақтармен бақшада отырған едік. Бір қарт адам уақытты сұрады. Өкінішке орай, ешқайсысымызда сағат жоқ еді. Жездем жүгіре басып уақытты біліп келуге кетті. Сол-ақ екен, мен де сол арада: «Үштен жиырма кетті!» деп қалдым. Бастапқыда бұған ешкім мән бере қоймады. Бұғазда өтіп жатқан пароходтарға қарап отырып, кейде уақытты дәлме-дәл айта салушы едім. Бұл орайда пароход дегеннің жоқ екенін аңғарғанда, бәрінің көздері шайдай ашылып: «Қалайша білдің?» деп таңдана сұрады. Мен де:
– Білмеймін, әйтеуір тілімнің ұшына келіп қалды да, айта салдым, – дедім. Марқұм әпкем:
– Кездейсоқ қой, жаным. Шыққан сөзді қағып алды. Мұндай сәттер болып тұрады, – деді. Басқалар да:
– Иә. Кездейсоқ қой. Бірақ дәл осындай болар ма еді?.. – деп аң-таң болды да қалды. Бірақ  адамдар ақылға қонымсыз жағдайларды қалайша осы үш буынды сөзбен жай ғана жаба салады екен. Осылайша отырғандардың барлығы бірауыздан менің бұл қасиетімді кездейсоқ жағдай деп қабылдады. Тіпті өзім де бұған сеніп қалдым. Толығырақ »

ЕКІНДІ НАМАЗЫН ОҚУ. Мұстафа КУТЛУ

0

ТҮРІК ПРОЗАСЫ

Мұстафа КУТЛУ

ЕКІНДІ НАМАЗЫН ОҚУ
әңгіме

Мұстафа КУТЛУ 1945 жылы 6 наурызда Эрзинджан облысы, Ылыч ауданы, Куручай ауылында дүниеге келген. Ататүрік университетінің түрік тілі және әдебиеті бөлімін бітіріп, Ыстамбұл қалаларындағы мектептерде ұстаздық етті. «Заман» және «Жаңа шапақ»  газеттерінде мақалалар жазды. Алғашқы эссесі 1968 жылы «Ол» деген атпен «Әрекет» журналында жарияланды.
Мұстафа Кутлу алғашқы әңгімелерінде романтикалық Анадолы жайлы сыр шертеді. Кейін жеке тұлғадан қоғамға ауысты және осы әңгімелерінің  тақырыбына көбіне-көп ауыл мен қала халқының күнделікті тұрмысы мен қуанышын арқау етті.

Қоңырау шырылдады…
Сыртқа шықтым, балалар улап-шуласуда. Мұғалімдер бөлмесінен пальтомды алдым. Бар ойым – екінді намазын оқу. Есік  алдында директорға кездесіп қалдым:
– Режай мырза, мына құжаттарды жол-жөнекей әкімдікке тастап кетсеңіз. Мына жалдамалы қызметкерді әлі күтудеміз. Жоғарыға жүз рет жазған шығармыз-ау, шамасы…
– Жоғарыны қоя тұрыңыз, директор мырзам, ревматизміңіз қалай?
– Сұрама, қымбаттым, кеш болмай ма? Төсекке кірмеймін бе?
– Жаңбыр  жауып тұр, бірақ әлі күн суыта қойған жоқ. Төраға мырзаға айтар сәлеміңіз бар ма?
– Орнында отыр деп ойламаймын, сайлау, белгілі ғой…
– Әрине, сайлау… иә, сау болыңыз, онда…
– Сау болыңыз, Режай мырза. Ертең мешітте жиналыс бар, ұмытпаңыз.
– Білемін, мырзам.
Жаңбыр төпелеп тұр, көше батпақ. Бір қолшатыр да ала алмадық. Аяқ киімнен де су өтеді.  Әй, шынымен, бір қолшатыр да  ала алмадық-ау.  Бұл жаңбырдан  соң  аяз басталады. Сүмерден бір керзі етік алғанда ғой… Толығырақ »

ЕГДЕ ӘЙЕЛ. Орхан КЕМАЛ

0

ТҮРІК ПРОЗАСЫ

Орхан КЕМАЛ

ЕГДЕ ӘЙЕЛ
әңгіме

Орхан КЕМАЛ 1914 жылы 15 қыркүйекте Адана қаласының Джейхан ауданында дүниеге келген. Шын аты – Мехмет Рашид Огутчу. 1950 жылы отбасымен бірге Ыстамбұл қаласына қоныстанған Орхан Кемал жазушылық қаламақысымен күн көрді. Сарабдал жазушы әңгімелерінде ұлттық мінез ерекшелігін, рух концепциясын терең зерделеген. 1970 жылы 2 маусымда Бұлғар Жазушылар Одағының шақыртуымен София қаласында емделіп жатқан кезінде емханада қайтыс болды.

Іші толы автобус Лалели тұрағында тұр.
Кіп-кішкентай, беті әжім-әжім бір әйел. Тұрақтың жаяу жүргіншілерге арналған жолында көсіліп отырды. Тұрайын деп еді, тұра алмады. Тағы бір мәрте күш салып орнынан тұрды. Автобусқа мінгісі келіп дірілдеген ап-арық қолымен электр бағанасына жармасты. Автобусқа мінетіні көрініп-ақ тұрды. Тұрақтағы жас бала көмектесіп, автобустағылар да тамыры шығып кеткен, құп-құрғақ қолынан тартып автобусқа мінгізді. Біреу орын берді, егде әйел отырды. Мен тұрған жердегі қарама-қарсы орындыққа отырды. Оң көзінің айналасы көгеріп кеткен. Шел басқан көзімен айналасына үрпиіп қарайды. Нашар көретіні аңғарылып тұрды. Әбден шошынған, тағдыры бағындырған, әлсіз. Бұл дүниеге өзін қонақ санайтыны анық көрініп тұр еді.
Билетші:
– Қайда барасың, ана? Толығырақ »