СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ
Стивен КИНГ
ТІРІ ҚАЛУ
Стивен КИНГ 1947 жылы дүниеге келген американдық көрнекті жазушы. Әдебиеттің триллер, фантастика, мистика, драма жанрларында кең танылған.
Ерте ме, кеш пе кез-келген студент-дәрігердің басында: «Жарақатты соққыдан болатын зардаптың ауыртпалығына пациент қанша уақыт шыдай алуы мүмкін?» деген сұрақ тумай қоймайды. Оған әр оқытушы әрқалай жауап берсе де, айналып келгенде бәрінің де: «Пациент өмір үшін қаншалықты күресе алады?» деген басқа бір сұраққа кеп тірелері сөзсіз.
26 қаңтар
Толқын айдап жағалауға шығып қалғаныма екі күн болды. Бүгін таңертең аралды қарап шықтым. Арал дегенім артықтау ма, білмеймін, әйтеуір ені жүз тоқсан қадам, ең жалпақ жерінен өлшегенде де ұзындығы бір басынан екінші басына дейін бар болғаны екі жүз алпыс жеті қадам екен. Сосын тағы бір байқағаным – мұнда тамақ боларлықтай ешқандай талғажау жоқ.
Менің атым Ричард Пайн. Мынау менің күнделігім. Егер мені тауып алғандай болса (қашан?), мен оны оп-оңай құртып жібере саламын. Сіріңкеден тапшылық жоқ. Сіріңке мен героин, шүкір, баршылық. Осының анауы мен мынауы үшін де бұл жерге тап болудың, әсілі, керегі жоқ еді, ха-ха… Сонымен, жазуға кіріспекпін. Қалай да уақыт өткізуге ермек қой.
Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Проза | Жарияланған күні: 07-12-2012
СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ
Джером Дэвид СЭЛИНДЖЕР
ЭСКИМОСТАРМЕН СОҒЫСТЫҢ
ДӘЛ ҚАРСАҢЫ
БОЛАТЫН
әңгіме
Джером Дэвид СЭЛИНДЖЕР (1919-2010) – американдық жазушы. Балалық шағы Манхэттенда өткен. Мектепте оқып жүрген кезінде әңгімелер жаза бастаған. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатыспай тұрып, 1940 жылдың басында бірнеше әңгімелері жарияланып үлгерген. Сэлинджерге едәуір атақ алып келген «Банан – балық жақсы ауланады», «Қара бидай арасындағы құрдым» романдары оқырмандардың ерекше ықыласына бөленді. Бүгінгі күнде де Сэлинджердің көпшіліктің сұранысына ие болған аталмыш романдары жыл сайын 250 мың данамен оқырмандарына жол тартуда.
Джинни Мэннокс өзінің мисс Бейсхор мектебіндегі сыныптасы Селин Графпен сенбі күні Ист-Сайд кортында қатарынан бес рет теннис ойнады. Ол Селинді мектептегі можантопайлардың ішіндегі ең төмені деп есептейтінін жасырмайтын, жалпы, мисс Бейсхордың қарамағында ұсқынсыз шөпжелкелер жетіп артылады, дегенмен Джиннидің толып жатқан таныстары ішінде тек Селин ғана кортқа әлі басталмаған бір қорап теннис добын алып келер еді. Ол доптарды Селиннің әкесі жасай ма, сондай бірдемесі бар. (Бірде Джинни түскі ас үстінде Мэннокс отбасының «Граффтар» үйінде қалай қонақ болғанын әңгімелеген; қиялында үстіндегі киімдері инеден жаңа шыққандай боп қақшиған лакей де бар. Ол қонақтардың сол жағынан келіп, қызанақ шырыны орнына теннис добы салынған бір-бірден қаңылтыр қорап таратып беріп жүреді.) Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Проза | Жарияланған күні: 07-12-2012
СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ
Кришан ЧАНДАР
А Н Г И
әңгіме
Кришан ЧАНДАР (1914-1977) – үнді жазушысы. Шығармаларын көбінесе урда тілінде жазғанымен, ағылшын және хинди тілінде де қалам тербеген.
Чандар 1934 жылы Лахор қаласындағы Фарман колледжін тәмамдаған. Сол жылдары ең алғаш жарық көрген «Жеңіліс» романында жазушы романтикалық сарынға ерекше ден қойған. Чандардың кейінгі шығармаларынан ойының тереңдігі мен сыншылық реализмді анық көруге болады. Жазушы «Біз жабайылармыз» новелласы мен «Сатқын» повесінде 1947 жылы екіге бөлінген Үндістандағы тарихи оқиғаларды арқау еткен. Кришан Чандар қандай жанрға қалам тартса да, үнді қоғамының ішкі қайшылықтарын, қала халқының кедейшіліктен тартқан бейнетін шебер суреттеу арқылы қоғамдық проблемаларды көтере білген.
Жолаушы аспанға қарады. Оның теңіздегі ашық көк кеңістігінде аппақ-аппақ, тап бір дәу күртік қар іспеттес бұлттардан құралған аралдар шашылып тасталған еді.
– Қарақұстар ма? – Жолаушы терең күрсінді де, маңдайының терін сүртті. – Қарақұстар – жақын маңайда адамдар тұратындығының белгісі. Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Проза | Жарияланған күні: 07-12-2012
ҚЫЛҚАЛАМ
Жеңіс КӘКЕНҰЛЫ,
суретші, ҚР-ның Мәдениет қайраткері
Эндрю Уайеттің
«Кристина әлемі»
2006 жылы Филадельфияның Көркемсурет музейінде, сол кезде тоқсан жасты алқымдаған, Америка, Франция, Британия және кезіндегі Кеңес Одағы сурет академиясының құрметті мүшесі, америкалық суретші Эндрю Уайеттің бүкіл шығармаларын қайта еске түсіру мақсатымен өзгеше бір көрме ашылды. Көрменің ерекше болатын себебі – бір өзінің ғана жүз жетпіс бес мың көрермен жинағанында. Көруші селдіреп, музей дәліздерінде адам аяғы сиреп қалған уақытта аңызға бергісіз, қара құрым халық жинаған сол вернисаж суретшінің «Кристина әлемімен» де айрықша еді…
* * *
Уайет өзінің шығармашылық сапарына акварель бояуымен шыққан кісі. (Суретші отбасында дүниеге келген Эндрю Уайетті біреулер «оқымаған суретші» дегенін құлағымыз шалғаны бар. Бекер. Жиырма жасында жасаған тұңғыш жеке көрмесінде оның акварелмен жазған картиналарын бір күнде жұрт түк қалдырмай сатып әкетпеп пе еді? Ол онсыз да «оқып туған кісі» еді ғой. Бойында әкесі, атақты иллюстратор Ньюэлл Конверс Уайеттің қаны ағып жатқан, Жаратқан Ие тағдырын шын суретші қылып жазып қойған Эндрюге оқу не керек?) Кейін темпера дейтін ұнтақ, жұмыртқаның сары уызын араластырып барып жазылатын бояуды қалап алды да, барлық картиналарын сонымен жазып шықты. Өйткені, бәсең де бірыңғай, баяу үндестікте жазылатын бүкіл картиналарының жан дүниесін көрерменге темпера ғана жеткізе алатын еді. Суретшінің даңғазаны суқаны сүймейтін бұйығы мінезі тек темперамен ғана үйлесім тапты.
Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Публицистика | Жарияланған күні: 07-12-2012
ЗЕРТТЕУ. ЗЕРДЕЛЕУ. КӨЗҚАРАС
ЮСУФ АКЧУРА
ЖАҢА ТҮРІК МЕМЛЕКЕТІНІҢ
ЖОЛБАСШЫЛАРЫ
Юсуф АКЧУРА (1879-1935) көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, түрікшілдік идеясының саяси негізін қалаушылардың бірі, ойшыл, тарихшы. Юсуф Акчура 1879 жылы Ресейдің Симбирск қаласында Еділ бойының қайырымды байларының бірі Хасан Акчуриннің отбасында дүниеге келді. Әкесінен екі жасында жетім қалған Юсуфты анасы Қамар Бану ханым тәрбиелеп өсіреді. Баласының келешегін ойлаған, толық білім беруді мақсат еткен Қамар Бану ханым жанына жеті жасар Юсуфты алып, 1886 жылы Ыстамбұлға келеді.
Юсуф Акчураның бұдан кейінгі өмірі Ыстамбұлда жалғасты. Бастауыш және орта мектепті бітіргеннен кейін әскери мектепке қабылданды. Мұнда жүріп саяси, мәдени істермен шұғылданды, тарих туралы мақалалар жариялай бастайды. Оның тырнақалды мақаласы татар халқынан шыққан көрнекті тұлға, жаңашылдық, жәдитшілдік қозғалысының жолбасшысы Шихабеддин Маржанидің өміріне арналды.
Әскери мектепті бітіргеннен Юсуф Акчура кейін саяси істермен шұғылдана бастады. Саяси көзқарасы үшін және Еуропадағы «Жас түріктер» қозғалысымен байланыс құрды деген күдікпен 1897 жылы айдауға жіберіледі. 1899 жылы айдаудан қашқан Акчура досы Ахмет Феридпен бірге Тунис арқылы Парижге жол тартады. Әртүрлі пікірлер мен ағымдардың тоғысқан тұсы болған Парижде ол «Саяси білімдер факультетінде» оқиды. Сол кездегі ірі саясаттанушылардан дәріс тыңдай жүріп, ұлтшылдық пен түрікшілдіктің саяси бағдарламасын жасай бастады. Садри Мақсуди Арсалмен және «Жас түріктер» қозғалысының жетекшілерімен танысады. Сонымен қатар, көптеген басылымдарда саяси мақалалар жариялай бастады.
Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Зерттеу | Жарияланған күні: 07-12-2012
ЗЕРТТЕУ. ЗЕРДЕЛЕУ. КӨЗҚАРАС
Ғарифолла ЕСІМ,
ҚР Парламент Сенатының депутаты,
философия ғылымының докторы, академик
БЕРНАРД ШОУ
Бернард Шоудың «Адам ата – Хауа ана» (Тұңғыш қанішер) атты екі бөлімді драмасын оқып шықтым. Аударған Өтен Ахмет, шығарма «Әлем әдебиеті» журналының 2012 жылғы екінші санында жарияланған.
Адам ата мен Хауа ана туралы аңыз-хикая жеті миллиард адамзаттың жартысына қатысты. Иудаизм, христиан, ислам діндерінде Адам ата мен Хауа ана туралы әңгімелер құлаққа әбден сіңісті болған. Адам ата ислам дінінде пайғамбар, ол – Тұңғыш адам. Мені, осы Тұңғыш адам деген түсінік ерекше ынталандыруда. Аңызды негізге алсақ, Тұңғыш Адам жер бетінде жаратылмаған, оның мекені жұмақ. Жер-Ана деген ұғым Адам атаға қатысты емес, оның дүниеге келген мекені – жәннат. Адам атаның жерге деген сезімінде бөгделік болуы ғажап емес. Олай болса, бұл сезім, оның ұрпақтарына да сіңісті болып үлгерді ме екен? Аталық сезімде бөгделік бар десек қалай болғаны? Альбер Камю шығармашылығындағы бөгделіктің түп-тамыры осы жағдайға қатысты емес пе екен деген ойға келемін. Иә, Адам ата жерден тыс жердегі топырақтан жаратылды. Оның айғағы одан тараған сан ұрпақтың қара жерге жасап отырған қиянатынан аңғарылады емес пе? Адамдардың жерге қанында бар өгейлігі экологиялық мәселеге ұласқан десек, шындық бола ма, әлде ол аңыз ғана болып қалмақ па? Ойланған жөн. Табиғат адамзаттың туған топырағы болса, неге оны ерекше қадірлемеске? Сірә, табиғатты ысырап ету сыры адам баласының жерге өгейлігінде ме екен? Әрине, бұл мәселеге ғылыми көзқарас емес, алайда Адам ата туралы ғасырлар бойы толастамай қайта-қайта жанданып, қайталанып келе жатқан діни аңызға, біздің де рефлексиямыз болуы, оның үстіне сөз болып отырған ағылшын қаламгерінің аталмыш шығармасы осы мәселеге тағы да оралуға, ой қозғауға себеп болып тұр. Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Зерттеу | Жарияланған күні: 07-12-2012
ЗЕРДЕЛІ ЗЕРТТЕУ
Сағымбай ЖҰМАҒҰЛ,
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры
КӨРКЕМДІК ДӘСТҮР
Көне түркі дәуірі әдеби жәдігерлерінің қазақ тіліне аударылу
тарихынан (1980 жылдар соңындағы аудармалар негізінде)
ХХ ғасырдың сексенінші жылдарының соңы қазақ әдебиеттануының ежелгі дәуір әдебиетін зерттеудегі әдіснамалық негіздерінің озық ғылыми тәжірибелерді ұштастыра жаңа биікке көтерілуіндегі айтулы белес. Бұл кезеңге дейінгі әдебиеттануда атқарылған келелі істер Б.Кенжебаев атап өткеніндей: «Көне түркі жазба ескерткіштері – рухани мұра ретінде бізге де ортақ. Қайталап айтсақ, қазақ әдебиетінің тарихы V-VІІІ ғасырлардағы Орхон-Енисей тас жазуларынан басталады. Біздің 1960-70 жылдары дәлелдеп, қол жеткен табысымыз – осы концепция болатын» (1, 44). Әдебиет тарихын кешенді түрде тұтастықта қарастырудағы осынау ділгір де маңызды мәселе өз кезегінде қазақ руханиятының көне түркі әдебиетімен тарихи сабақтастығын, көркемдік дәстүр жалғастығын тереңірек зерттеуге түбегейлі бетбұрыс жасаған ғылыми еңбектер арқылы шешімін тапты. Мұндай келелі мәселелер ұлттық әдебиеттануда біріншіден, қазақ халқына да ортақ мұра болып табылатын ертедегі әдебиет нұсқаларының ана тіліміздегі толық көркем аудармасын жасау және рухани өмір өзегіне айналдыру, екіншіден, сол құнды жәдігерлерді арнаулы зерттеулер нысанына алу, типологиясы мен генезисін кешенді саралау, Шығыс әдебиетімен байланысын дәлелдеу барысында жүзеге асты. Осынау мейлінше мол жауапкершілік жүктейтін келелі істе отандық ғылым өзінің әлеуетті мүмкіндіктерін көрсете алды. Бұл ретте түркітанудағы Одақ көлемінде көне түркі ескерткіштерінің 1250 жылдығына орайластырылып, Алматыда Бүкілодақтық ІV конференция (1985.10-12.09) және ЮНЕСКО-ның «Орта Азия цивилизациясының тарихы» атты VІ томдық басылымын әзірлеу бағдарламасының шеңберінде «Орта Азиядағы орта ғасырлардағы мәдени-тарихи процесстер» атты тақырыпта халықаралық конференцияның өтуі, «Советская тюркология» (1986.№4) журналының арнаулы санының Махмұд Қашғари, Жүсіп Баласағұни мұрасына арналуы, Бакуде «Огузский эпос, Книга моего деда Коркуда» (1988.07) атты бірінші кеңес-түрік пікір алысуының ұйымдастырылуы сынды мәдени-әдеби іс-шаралар және де қайта құру талабындағы қоғамдық өмірдегі оң өзгерістер барысы ғылыми-зерттеушілік ой-пікірге соны тыныс дарытты. Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Зерттеу | Жарияланған күні: 07-12-2012
ӘДЕБИ СЫН

Қуаныш ЖИЕНБАЙ,
жазушы, халықаралық «Алаш»
әдеби сыйлығының лауреаты
ҚАРАПАЙЫМ ТАҒДЫРЛАР
ГАЛЕРЕЯСЫ
Жазушы В. Распутин повестерін қайта оқыған соң туған ойлар
Валентин Распутин де өзіміз секілді пенде. Сібірде туған. Сібірдің қиян шеткі бір қыстағында балалық шағын өткізген. Он жылдық мектеп тауысқан. Өзіміз секілді педагогикалық институттың тіл-әдебиет факультетін бітірген. Оқытушы болуды о бастан қаламаса керек, студент кезінен облыстық жастар газетінде қатардағы тілші болып қызмет істепті. Алғашқы әңгімелері облыстық, Мәскеуден шығатын әдеби басылымдарда жарық көре бастаған. Нақтылап айтқанда «Ангара» альманағында 1961 жылы «Лешкиден не сұрауды ұмыттым» атты тұңғыш әңгімесі жарияланған-ды. Ал оның орыстың белгілі драматургі қыршын ғұмырында әдебиетке өлшеусіз үлес қосқан Александр Вампиловпен арадағы шынайы адами достығы өз алдына бір шежіре…
Жә, өмірбаянға қатысты кіріспені осымен тұйықтасақ та жетер. Бұл жерде жұрт мойындаған талантты жазушының шыққан тегіне байланысты деректерді сағыздай созудың қажеті шамалы. Мәселе жазуда ғой. Міне, осы тұстан келеді де қаламгердің өзгеге ұқсамайтын өзіндік қолтаңбасы туралы мағыналы әңгіменің алғашқы тараулары тіл ұшын еріксіз түрткілейді де, ары қарай ауызға түскен қант қиығындай үгітіліп жүре береді. Кешегі кеңес одағының өзімшіл саясатының әсері ме, әлде бір құпия сиқырымен адам жүрегін баурап алатын тасқа басылған дүниенің құдіреті ме, әйтеуір, біз жастайымыздан жата-жастана оқыған орыс жазушылары аз емес еді ғой. Жазу өнеріндегі шеберліктің шыңы дедік пе, әлде біз үлгі тұтатын әдеби жауһарлар дедік пе, әйтеуір, атағы аспан тіреген орыс жазушыларының біразын дерлік қазақ тілінде сөйлеттік. Толстойдан бастап, Шолоховтан бастап… Буниннің ғажайып әңгімелерін түгелдей… Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Сын | Жарияланған күні: 07-12-2012
ҰЛЫЛАРДАН ҰЛАҒАТ
Зейнолла СӘНІК
ҚҰҢФУЗЫ
және оның ғақлиялары
Зейнолла Мүбәракұлы СӘНІК 1935 жылы Қытайдың Тарбағатай аймағында дүниеге келген. Пекин қаласындағы орталық жастар институтын бітірген. Өмір жолын баспагерліктен бастап, Үрімжідегі жастар баспасында жауапты редактор болып қырық жылдай қызмет атқарған. Әдеби зерттеу жұмыстары 1955 жылы басталған. Сол тұста Қытайда жүргізілген «мәдени революцияның» ауыр соққысына ұшырап, «халық жауы» болып, ауыр күндерді басынан кешкен. Сөйте жүріп еңбектенген қаламгердің роман, повестері және ғылыми еңбектерінен құралған жиырмадан астам кітабы жарық көрген. Қазақстанда «Қаракерей Қабанбай», «Хас батыр Қабанбай», «Тұғырыл хан», «Демежан батыр», «Халық күйші Қайрақбай», «Баспай» атты кітаптары және еңбектері жарық көрген. Ол қазір Қытайдың мемлекеттік Жазушылар одағының, мемлекеттік фольклор қоғамның мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері.
2006 жылы Қытайда ұлы философ Құңфузының 2557 жылдығы атап өтілді. Сол қатарда ЮНЕСКО «Халықаралық Құңфузы тағылымы сыйлығы» атты сыйлық тағайындап, осы бір ұлы тұлғаны әлемдік биікке көтерді. Осы тұста Қытай өзінің ұлттық құндылықтарын қадірлеумен бірге Қытайда жасайтын аз ұлттардың, атап айтқанда ұйғырлардың «12 Мұхамын» «Әлем халықтарының ауызша айтылатын бейзаттық мәдени мұраты» ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының төріне шығарса, қазақтың «айтыс өнерін» бүкіл Қытай мемлекетінің ауызша айтылатын бейзаттық мәдени мұрағаты деген биік мәртебеге көтерді. Осы бір жалпы халықтық мәдени мұрағаттар жылында Құңфузы тағылымына қайта үңіліп, оны зерттеу, түсіндіру жұмыстарын тың белеске көтеріп, оның өлшемді суретін жариялады. Дүние жүзі көлемінде қытай тілін үйрену науқанының көтерілуіне байланысты әлемнің 80-нен артық елінде 200-ге тарта орынды Құңфузы мектептері, Құңфузы тағылымын зерттеу институтының қам-қарекеттері жандана түсті. Бұл үрдіс Қазақстанда да қолға алынып, Қытайға барып оқып жатқан қазақ жастарының саны жыл сайын артып келеді. Үрімжідегі оқу ағарту университетінің мұғалімі – кенже қызым Жанаттың қолында Қазақстанның 40-тан аса қара көздері қытай тілін үйренуде. Осы тұрғыда Қазақстан оқырмандары да Құңфузы өмірімен оның ғақлияларын терең зерделеп, өзінің ұлттық идеологиясын орнатуға пайдалы болар деген оймен ұлы философтың қысқаша өмірін және бір бөлім ғақлияларын көпшілікке ұсынып отырмыз. Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Зерттеу | Жарияланған күні: 07-12-2012
СҰЛУ САЗДЫ СӨЗ САРАСЫ
Александр БЛОК
СЕН – НҰРЛЫ ЕЛЕССІҢ
Александр Александрович БЛОК (1880-1921) – орыс ақыны. Екі бірдей ірі қоғамның түйіскен шағында өмір сүрген. Ресейде болған Қазан төңкерісіне дейінгі ақындардың бірі әрі бірегейі. Сонымен қатар Блок Ресейдегі кеңестік поэзияның ең алғашқы өкілі болып табылады.
ҚЫЗМЕТШІ ХАНШАЙЫМҒА
Шақырмашы. Шақырусыз,
Жетемін ғой шіркеуге.
Ханшайымым! Үнсіз-түнсіз
Аяғыңа бас ие.
Әміріңді тыңдап алып,
Тағы күтіп жүремін.
Көріп қалар бір сәтті аңдып,
Тілеп, аңсап жүрегім.
Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Поэзия | Жарияланған күні: 07-12-2012