ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК
ӨМІРДІҢ ӨЗІ ШЫҒАРМА
Жагдалын ЛХАГВА 1942 онд Дорноговь аймағының Хөвсгөл елді мекенінде дүниеге келген. 1966 жылы Киевте политехника институтын, 1987 жылы Мәскеуде Әдебиет институтын бітірген. 1960 жылдан әдебиетпен айналысады. 1991 жылы Моңғолия Жазушылар одағының сыйлығын алды. Көптеген әдеби шығармалар мен кино туындыларының, телекино және телепьесалардың авторы.
ОҚУҒА БАРАТЫН ЖОЛ
Мәскеудегі М. Горький атындағы әдебиет институтының екінші атауы – жазушылар мектебі. Айтса, айтқандай-ақ. Студенттер жатақханасы Добролюбов көшесінде. Сабаққа бару үшін Руставел көшесінен көлікке мінесің, Чехов көшесімен өрлеп, Пушкин алаңынан түсесің. Одан Горький көшесін қиып, Некрасов кітапханасының алдынан өтесің. Сонымен Герценнің бойындағы институтқа жетесің. Осындай жолдармен бес жыл бойы жүрген адам жазушы болып шықпаса, өз обалы өзіне.