Әлем әдебиеті

КЕЙДЕ КҮЛІП МИЫҚТАН

0

МОҢҒОЛ ӘДЕБИЕТІ

Дэндэвийн ПҮРЭВДОРЖ

КЕЙДЕ КҮЛІП МИЫҚТАН

ТӨРТ МАУСЫМ ДАЛАСЫ

(Л. Мөрдоржының әні)

Қарасында ғашықтың,
Күлімдеп күн өпкен гүл.
Бал құрағын шашып тың,
Маужырайды көктен нұр.

Әуезіндей елімнің,
Көңіл күйін қозғаған.
Желегіндей келіннің,
Желбірейді жаз далам.

Алты шапақ айқарған,
Төрт құбыла қызған ән,
Дән дария жайқалған,
Сары алқалы күз далам.

Рұқсат алу

Аударған Солдатхан ОРАЙХАНҰЛЫ

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.