Әлем әдебиеті

СЫБЫЗҒЫШЫ

0

МОҢҒОЛ ӘДЕБИЕТІ

Чойжилжавын ЛХАМСҮРЭН

СЫБЫЗҒЫШЫ

Қара мұртын ширатып қысып көзін,
Сыбызғысын алды қарт үзіп сөзін.
Жылы шырай көздерін қамады ма,
Мейір төгіп біздерге қарады да.

Сыбызғысын үрледі тартып демін,
Жастық әуен шалқыды артып сенім.
Шарықтады әсем саз төзе алдым ба,
Елестеді бір сурет көз алдымда.

Таудың тағы қырағы мұзбалағы,
Аш қасқырға шүйіліп сорғалады.
Үкі таққан бөркіне аңшы қазақ,
Бөктерлете жөнелді қамшы сабап.

Рұқсат алу

Аударған Солдатхан ОРАЙХАНҰЛЫ

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.