Әлем әдебиеті

ЖОЛЫҢА СЕНІҢ ЖАН ҚҰРБАН!

1

ЖАҺАН ЖЫРЛАРЫ ДЕСТЕСІНЕН

Афанасий ФЕТ

ЖОЛЫҢА СЕНІҢ ЖАН ҚҰРБАН!

Афанасий ФЕТ (1820­-1892) – орыстың көрнекті ақыны. «Ұлы ақындарға тән лирикалық құпиялы құштарлық осы етжеңді орыс офицерінде қайдан жүр өзі», – деп Лев Толстойдың өзін таңырқатқан. Өлеңдері көкірек сазына құрылған, кілең күміс дыбыстардан тұрады. Қазақ тіліне бұрын­соңды кең көлемде аударылмаған.

КҮЗ

Жым-жырттығы күңгірт қайғы қаулатқан,
Күзгі күндер – салқыны сыз сұр ағыс –
Жанымызға жалбарына үн қатқан,
Суалған күш, қуарған тұл қуаныш.

Жалқын жалап кей күндердің тамағын,
Алтындады жапырақтың  шаттығын.
Аңсады күз махаббаттың жанарын
Ерке-тотай әрі аптапты аптығын.

Үлде-бүлде мәз етті де, ұйып қап,
Өз демінен тапқандай-ақ өз емін,
Ұяң мұң тұр бұйығылық тұйықтап,
Ештеңе енді өртемейді өзегін.

Рұқсат алу

Аударған НАРМАХАН БЕГАЛЫҰЛЫ

Нармахан БЕГАЛЫҰЛЫ – белгілі ақын, аудармашы. 1943 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданында дүниеге келген.                                                «Шаттық күйі», «Жиде жұпар шашқанда», «Жотадағы жол», «Ботагөз бұлақ» атты өлең жинақтары мен екі томдығы жарық көрген. Орыс тілінен жасаған аудармалары үшін 2007 жылы ақынға Ресейдің Константин Симонов атындағы халықаралық сыйлығы беріліп, алтын медалі қоса тапсырылды.

Пікірлер: (1)

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.