Әлем әдебиеті

ҚҰЙЫРШЫҚ

0

МОҢҒОЛ ӘДЕБИЕТІ

Цэндийн ДОРЖГОТОВ

ҚҰЙЫРШЫҚ

Цэндийн ДОРЖГОТОВ – 1970 жылдардың соңында Моңғол әдебиетінің сатира жанрында тың бетбұрыс жасаған аса дарынды қаламгер. Ұзақ жылдар бойы сатиралық әдеби журналды басқарған жазушы тоқырау кезінде жазған «Баба» атты әңгімесі үшін цензураның қырағы көзіне ілігіп, «саяси бюроны астарлап келемеждеді» деген айыппен туындыларын жарыққа шығару құқынан айырылған тұстары да болды. Ол бүкіләлемдік сықақшылардың халықаралық «Алеко» сыйлығының бас жүлдесін жеңіп алған.

* * *

Адамзат алғаш пайда болған сәтте-ақ мен туылыппын. Сонымен күні бүгінге дейін аман-сау жүріп жатқан жайым бар. Алғашқыда бәрімізде құйыршық болды. (Егер күмәндансаңыз, бөксе жағыңызды бір сипап көре салыңыз, орны білінеді.) Ес біліп, етек жапқан кезімнен бастап сол құйыршық маған пәле болып жабысты. Мен өзімнен төмен әлсіздерді басынғым келіп тұрады. Ең бастысы, ішкі ойымды басқаға сездірмеуім керек. Алайда менің көкірегімде астамшылдық туа қалған сәтте әлгі құйыршық құрғыр қақиып, тіктеле қалады. Құйыршықты көрген жұрт: «Ананы қарашы-ей, өзінен төменді басынып, сес көрсетіп тұр», – деп мазақтайды да, бәрі ду етіп күледі. Мен еріксіз райымнан қайтуға мәжбүр боламын.

Көне заманда да қазіргідей сұлу арулар көп болды. Оларды көргенде ішіме құрт түскендей жыбырлап, бір қызық күйге енемін де, құйыршығым ұятты ұмытып, бұлғаңдай қалады. Оны әлдеқашан байқап қойған халық тағы да шулап қоя береді: «Ой, ұятсыз! Әйелі бола тұра өзгеге көз салып…» – деп, тіпті күн көрсетпейді. Ақыры, адам үнемі ойын жасырғысы келгенімен, құйыршық оны әшкерелей беретін «алабайрақ» екендігіне көзім жетті.

Рұқсат алу

Аударған Қуандық ШАМАХАЙҰЛЫ 

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.