Әлем әдебиеті

ҚҰПИЯ СЫР

0

МОҢҒОЛ ӘДЕБИЕТІ

Балжиннямын ПYРЭВДОРЖ


ҚҰПИЯ СЫР


Балжиннямын ПYРЭВДОРЖ 1949 жылы Завхан аймағының Жаргалант ауылында дүниеге келген. 1976 жылы мемлекеттік педагогикалық институтын бітіріп, оқытушы болған кезінен бастап көркем әдебиетпен айналысты. Алты романы жарыққа шыққан соң, 1988 жылы Моңғолия кәсіподағының арнайы сыйлығына ие болды. Оқырмандар арасында сыршыл жазушы ретінде танылған.

 

* * *

Сүйікті қарлығашым менің, өзіңе қатысы жоқ бірдемелерді несіне қызық­тайсың? Мен сен жайында ойлағанда, әлі тұрмысқа шықпаған, тіпті шыққан күннің өзінде жеке өмірін тығырық пен торшылдыққа тіремеген, ондай жағдайға жеткізбейтін ақылына көркі сай ару деп білемін. Салт бас, сабау қамшы еркек болған соң, осындай ойға әбден байланып қалғандаймын. Сен «күйеуім көңілдес тауып алса, не істеймін?» деуден қатты именгеніңе қарағанда, ондай тірліктен өлердей қорқатының көрініп тұр. Жарың немесе өзің құпия көңілдеспен ұшырасып қалсаңдар не істеу керек жайында екеуміз бір сырласайықшы.

Рұқсат алу

Берілген мақалаға пікір жазылмайды.