Әлем әдебиеті

БАҚТЫҢ КӨГІЛДІР ТАУЛАРЫ

0

МОҢҒОЛ ӘДЕБИЕТІ

 

Санжийн ПҮРЭВ

БАҚТЫҢ КӨГІЛДІР ТАУЛАРЫ

 

 Санжийн ПҮРЭВ 1941 оны жылы ГовьАлтай аймағының Дарви деген жерінде дүниеге келген. 1963 жылдан бері әдебиетпен айналысқан белгілі прозаик. 1980 жылы Мәскеуде А.М. Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген. Д. Нацагдорж атындағы сыйлықтың иегері, МХР мәдениет қайраткері. Көптеген таңдаулы әңгіме, повестер жинақтары мен романдарын жарыққа шығарған.

* * *

Таңғы салқында жол қысқартуға ұлы даладан ертелеп шыққан көш керуен тал түсте тау етегіне жетті. Көштің алдында жол бойын жағалаған бір табын сиыр ұзақ жүрістен шаршағандай бастарын алма-кезек шайқалақтап, баяу аяңдап келеді. Ал дала кезіп, тау асып көрмеген жас бұзаулары енелерінің көлеңкесінде суланған танауларын көтеріп еріп жүр. Оның соңынан екі шаңыраққа ортақ қойлары жердің шаңын көтеріп алға жылжиды. Гэрілма ердің қасына ілінген радиоқабылдағыштың дауысын тыңдап, терең ойға батқан. Цогтбайыр биыл он сегізге толып, өзінше балаң жігіттікке аяқ басса да, Гэрілмаға тіктеп қарай алмайды. Жастық шақ оған күш-жігер сыйлап, асқақ арманға жетелесе де, ұялу мен құпия мазасыз ойлары тағы бар.

Рұқсат алу

Берілген мақалаға пікір жазылмайды.