Әлем әдебиеті

КӨМІРІК

0

МОҢҒОЛ ӘДЕБИЕТІ

Лодонгийн ТҮДЭВ

 

КӨМІРІК

Лодонгийн ТҮДЭВ 1935 жылы Говь-Алтай аймағының Нарын ауылында дүниеге келген. Көрнекті ғалым әрі елдің бас газетін басқарған мемлекет қайраткері. Моңғолияның Еңбек Ері. Шығармаларының 25 томдығы 2002 жылы басылып шықты.

* * *

Даладағы құмды мекендейтін малшының үйіне таулы-нулы өлкеден қонақ келді.  Жаздың жайма шуақ кезі болғандықтан, арқа-жең кеңіп, бауыр жазылған бір тамаша кезең. Таудан келген қонақ шөл даланың аптап ыстығына шыдай алмай, киімдерін түгелге таяу дерлік шешіп тастап, тыр жалаңашқа жуық отыр.

– Сендер өзі бір жаны сірі адам екенсіңдер! Мынандай қапырық ыстықта мақталы шапаннан айырылмайды екенсіңдер. Ісіп-кеуіп кетпей, қалай шыдап жүресіңдер, ей? – деп таңдана сұрап қояды. Түйеші қария күліп қояды.

– Мақталы шапанның өзі жұқа болып тұр. Жүні сыртына қараған тері тон болса, мына ыстықта қатып кетеді. Салқындатып жібереді ғой.

Таулық қонақ оған сенбеді. Өзін мазақ етіп әдейі айтып отыр деп ойлап ызасы келсе де, жаңадан құда болған адаммен жүз шайысып қалудан сақтанып, шыдап бақты.

Рұқсат алу

Аударған Қуандық ШАМАХАЙҰЛЫ

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.