Әлем әдебиеті

КҮН СӘУЛЕЛІ ТЫРНА

0

МОҢҒОЛ ӘДЕБИЕТІ

 Сэнгийн ЭРДЭНЭ

 

КҮН СӘУЛЕЛІ ТЫРНА


Сэнгийн ЭРДЭНЭ – Хэнтий аймағының Биндэр елді мекенінде 1929 жылы дүниеге келген жазушы. 1949 жылы офицерлер мектебін, 1955 жылы Моңғолия мемлекеттік университетін бітірген. 1965 жылы МХР мемлекеттік сыйлығын, 1976 жылы Жазушылар одағының сыйлығын иеленіп, 1994 жылы халық жазушысы атанды.

* * *

Мен қиратылған ескі ғибадатхананың жұртындағы суалған құдықтың қор­шауына отырып алып, жазғы кештің батқан күнімен қоштастым. Адам болғалы бергі небәрі он бес-ақ жылдың ішінде таңғажайып оқиғаларды бастан кешіріппін. Мұнда ғибадатхана болған. Енді жоқ. Себебін онша түсінбеймін, бірақ өкінер жайым жоқ.

Кішкентай кезімде анамның жетегімен биік ағаш баспалдығымен өрлеп шығатынмын. Ішіне кіргенде көп ламалар дұға оқып, үрлемелі аспаптар безек қағып, арша иісі мұрынды жаратын. Тістері ырсиған қорқынышты жаналғыштар мен байсалды, мейірімді құдайларды бейнелеген мүсіндер шырақтың жарығымен көзге түсетін. Жаратушыға тағзым ет дегенде тізерлеп маңдайымды жер иіскететінмін. Соның бәрі жер жарылып астына түскендей жоқ болып, тек қана ғибадатхананың іргетасы ғана қалыпты. Сол төрт бұрышты таған тастардың арасын арам шөптер басыпты. Өкінетін несі бар? Құрдымға кетуге тиіс болған шығар? Құдығының суы тартылып қалыпты. Осы құдықты әкем де қазысқан дегенді естігенім бар. Енді әкемнің өзі де жоқ. Ғибадатхана, әкем, жалпы көп дүние көзден бұлбұл ұшты. Ал оның орнына бұрын болмаған жаңа көріністер ұшырасып жатыр. «Соғыс басталды!» – деп елдегі бас көтерер ер-азамат атаулының бәрі аттанып кетті. Ағам да солармен бірге кеткен. Қайта орала ма, жоқ па, беймәлім. «Майдан даласында жаулар өлтіріп тастайды» деседі.

Рұқсат алу

Аударған Қуандық ШАМАХАЙҰЛЫ

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.