Әлем әдебиеті

АЛТАЙДЫҢ КӨК ДӨНЕНІ

0

МОҢҒОЛ ӘДЕБИЕТІ

Бөхийн БААСТ

 

АЛТАЙДЫҢ КӨК ДӨНЕНІ

Жазушы Бөхийн БААСТ 1921 жылы Баян-Өлгий аймағының Алтанцөгц ауылында дүниеге келген. Марксизм-Ленинизм университетін және Мәскеу қаласындағы М.Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген. 1936 жылдан бері жазушылық­пен айналысып, «Алтай жолымен», «Алтай гүлі», «Алтай желі» сынды он шақты әңгіме, повестер жинағын жарыққа шығарумен қатар, қазақ жазушыларының көптеген шығармаларын моңғол тіліне шебер аударып бастырған қазақжанды қария. Сонымен қатар «Ақтамақ», «Сүйгенім менің қалада», «Ақмаңдайлым» сынды қазақ әндерінің сөзін моңғол тіліне аударып, халық арасына кеңінен таратқан ақын. 1976 жылы таңдаулы шығармаларға берілетін Д. Нацагдорж атындағы сыйлықты жеңіп алған.

* * *

Аппақ қардай күміс түсті жүрдек ұшақ мәңгілік мұз жастанған, аты аңызға айналған Цамбагарав тауының сол жақ баурайына келгенде бірнеше мәрте солқ етті. Туған жердің көңілге медеу, жүрекке жақын сай саласы көз алдымда зулап өтіп жатты. Ақшиліктер деп аталатын бір қауым жұрт осы өлкеде мыңдаған малымен күзеп, қыстап-жайлаумен қатар, көктемде жер жыртып, егін салады, күзде пішен шауып, оның игілігін көреді. Ақши өңірі Қобда өзені бойындағы бір кең алқап. Туған топырағымның қоңыр күзінің ең бір тамаша кезеңінде мен онда ұшып жеттім. Сәлден соң, ауылдың шеткері жағындағы Читгай деген жердегі анамды қойған бейіт ұшақ терезесінен жылт етіп көрінді де, артта қалды.

Анамның қандай адам болғанын мен анық білмеймін. Қайтыс боларынан бірнеше күн бұрын бір рет көріп қалғаным арқылы ғана мен анамды елестете аламын. Соңғы демі үзілерде: «Мына ұлым ұшпаққа шығып кетпесе де, білімді болу маңдайына жазылған секілді. Есте сақтау қабілеті мықты екен. Есіңде болсын…» – деп әкеме аманаттаған екен. Кейін әкем хал үстінде жатқанда да, осы өсиетті қайталады. Бала кезімде бір ғажайып түс көргенім бар. Астымда көк атым бар көп жаудан қашып келеді екенмін. Анам алдымнан шығып: «Ұлым, тездет!» – деп жүгіріп келеді екен. Тағы бірде «Алтайдың көк дөнені» деген бір аңызды Гэцэлжав ағам айтып беріп, «білімді адамның бармайтын жері, көрмейтін ғажабы, мінбейтін көлігі болмайды» дегенін кезінде жақсы ырымға балағаным бар. Мен ұшақпен талай рет сапарға шықтым. Әр сапар сайын мен өзім отырған ұшақты бала кезімде түсімде көрген «Алтайдың көк дөнені» іспетті қабылдаймын.

Мен бала кезімде тентек ұл болсам керек. Алайда біреуге зиян келтірерліктей ештеңе жасаған емеспін. Шын мәнінде ел дүрліктірердей бірдеме жасайтындай ол заманның баласында қандай жағдай болсын? Мен көпбалалы отбасынан едім. Қазір де көппіз ғой. Ал бала кезімізде біз бақытсыз отбасы едік.

Рұқсат алу

Аударған Қуандық ШАМАХАЙҰЛЫ

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.