Әлем әдебиеті

ҰЙЫП ЖАНЫМ, ҚАЛҒЫМА ТЕК

0

МОҢҒОЛ ӘДЕБИЕТІ

 Далантайн ТАРВА

ҰЙЫП ЖАНЫМ, ҚАЛҒЫМА ТЕК

Далантайн ТАРВА – ақын, жазушы, журналист. 1923 жылы Моңғолияның Дорнод аймағының Халх гол ауданында дүниеге келген. Он үш жасынан әскерге алынып, 1940 жылы Халх гол соғысына қатысқан. Алдымен Моңғолия мемлекеттік университетінде, кейіннен Мәскеу қаласындағы М.Горький атындағы Әдебиет институтында оқыған. Көптеген жыр жинақтары басылып шыққан. «Туған жер үшін», «Әндер», «Мәскеу – Ұланбатыр», «Бейбітшілік үшін, Отан үшін» атты кітаптары жарық көрген.

ТОБЫЛҒЫ ҚАМШЫ

Тобылғыдан жолдас қып,
Жонып алған қамшы едің.
Даңқты біздің қолбасшы,
Қолына алған қамшы едің.

Моңғол адам қайыстан,
Өріп берген қамшы едің.
Сүхбаатарға алыстан,
Серік болған қамшы едің.

Ақ арманын адамның,
Тар кезінде ақтаған.
Бақыты үшін заманның,
Құпиясын сақтаған.

Рұқсат алу

Аударған Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.