Әлем әдебиеті

ЛАМА КӨКЕМНІҢ КӨЗ ЖАСЫ

0

МОҢҒОЛ ӘДЕБИЕТІ

 Дашдоржийн НАЦАГДОРЖ

ЛАМА КӨКЕМНІҢ КӨЗ ЖАСЫ

 

Дашдоржийн НАЦАГДОРЖМоңғолия жаңа заман әдебиетінің негізін қалаушы. 1906 жылы дүниеге келген. Алдымен Кеңестік Ресейде, кейін Батыс Германияда білім алған. А.С. Пушкин, Эдгар По сынды әлем классиктерін моңғол тіліне аударған. Сталиндік саяси қуғын-сүргінге ұшырап, түрмеге жабылған кездері болды. Өзінің қысқа ғұмырында артында бір томдық жинақ қана қалдырғанымен, шығармаларының мәнділігімен өз елінің ғана емес, Ресей, Үндістан, Германия оқымыстылары мен әдебиеттанушы ғалымдарын тамсандырған ұлы жазушы.

* * *

Он сегіз мың ғаламды жалған санап, түпсіз тұңғиық ойды ғана бағатын винай тәртібіне берік діндар Лодон қызыл мен сары аралас жамылғысын желбіретіп, ғибадатхананың төменгі ауласына түсе берген. Сол бетте оның қарсы алдынан нәпсіқұмарлықтың неше атасын асқан шеберлікпен жетік меңгерген, айлакер Иүй Бай-хуа аталып кеткен төмен етекті Цэрэнлхам ақ пен қараны алма-кезек жалтылдатып, батпақты көшені кесіп өте бере ұшыраса кетті. Иүй Бай-хуа еліртетін есірткісі түгесілгендіктен, қолындағы алтын сақинасымен ақша табуға шыққан беті еді. Күтпеген жерден Лодон гэвшінің (гэвш – ламаның дәрежесі. Ауд.) алдынан шықпасы бар ма? Ол өзі бір қойдан жуас діндар, көңілшек әрі жібі де бостау. Оны қалт жібермей байқаған жас келіншек сиқырлы амалға көшіп, ламаның алдына келіп, қиналған жанның кейпіне ене қалды:

Рұқсат алу

Берілген мақалаға пікір жазылмайды.