Әлем әдебиеті

ҚАРА СӨЗБЕН ЖАЗЫЛҒАН ЖЫРЛАР

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

Иван ТУРГЕНЕВ

ҚАРА СӨЗБЕН ЖАЗЫЛҒАН ЖЫРЛАР

Иван Сергеевич ТУРГЕНЕВ – ұлы орыс жазушысы. 1818 жылы 28 қазанда Орл қаласында дүниеге келген. Оның «Аңшының хаттары» әңгімелер жинағы, «Рудин», «Дворяндар ұясы», «Таяуда», «Әкелер мен балалар», «Түтін» атты романдары әлем әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосты. Қарымды қаламгер 1888 жылдың 22 тамызында Буживалда дүние салды. Қан ойнатқан махаббат сезімі, өмірге құштарлықтың ыстық лебі, жалғандыққа семсердей сілтенген қарсылық, былайша айтқанда, соншалықты қарапайым көрінгенімен, жан мен жүректі бірдей баурап алатын мына біз оқырмандар назарына ұсынып отырған шағын әңгімелерді атақты суреткер өмірінің соңғы жылдары жазды. Өзі айтқандай, бұл оның бүкіл шығармашылық ізденісінің сарқынды, соңғы қуатындай.

ДЕРЕВНЯ

Маусым айының соңғы күні. Қай жаққа көз салсаң да, жайыла созылып жатқан Ресей жері – менің туған өлкем! Бүкіл аспан біркелкі көк бояуға малынған: жұп-жұқа түбіт бұлт қана қалқиды, әлде маңып барады, әлде енді-енді көк әлемге сіңіп кететіндей. Лүп еткен жел жоқ, жанды жайлаған жылылық… ауадан уыз иіс аңқиды! Бозторғайлар шырылдайды; жемсауын керіп көгершіндер гу гулейді; қарлығаштар тыныштық әлемін дыбыссыз қиып өтеді; ауық-ауық жусаған жылқылардың пысқырғаны естіледі; иттер үнсіз, құйрықтарын көкке шаншып, айналаға құлақ түре қарайды. Селдір түтіннің, көк шөптің, аздап қана қара майдың, тер мен терінің самал аралас лебі сезіледі.

Рұқсат алу

Аударған Сырым БАҚТЫГЕРЕЙҰЛЫ

Сырым БАҚТЫГЕРЕЙҰЛЫ 1942 жылы Ақтөбе облысының Ойыл ауданында туды. Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистка факультетін, Алматы партия мектебінің журналистика бөлімін бітірді. «Лениншіл жас» газетінің Батыс Қазақстан облыстарындағы меншікті тілшісі, «Қазақстан коммунисі» журналының әдеби қызметкері, «Жалын», «Мектеп», «Ана тілі», «Жеті жарғы» баспаларында редакция меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Редакциялау және аударма бөлімінің сектор меңгерушісі қызметтерін атқарды. «Қазақстан Республикасы Конституциясының Конституциялық құқығы» атты ұжымдық ғылыми түсініктемені, академик Ғ. Сапарғалиевтің жоғары оқу орындарына арналған «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы» атты оқулығын мемлекеттік тілге аударды. «Қазақстан тарихы» атты академиялық бес томдықты және шешен, ингуш жазушыларының «Тау соқпағы» атты әңгімелер жинағын аударуға қатысты. «Нобель» баспасынан Ойыл ауданы туралы деректі хикаяты және «Фолиант» баспасынан «Ойыл» атты ғылыми­танымдық еңбегі жарық көрді.

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.