ТӘРЖІМЕ ТУРАЛЫ ТОЛҒАМДАР
Корней ЧУКОВСКИЙ
СТИЛЬ
Бұл мақала көрнекті әдебиет тарихшысы, сыншы, филолог, тәржіме теоретигі Корней Иванович Чуковскийдің (шын аты – Николай Иванович Корнейчуков; 1882-1969) «Мәртебелі өнер» кітабының осылай аталатын тарауынан ықшамдалып алынып отыр. Ол көптеген көрнекті ағылшын, американ жазушыларының таңдаулы туындыларын орыс тілінде сөйлеткен үлкен тәржімеші. Оның тәржіме саласын ұйымдастыруға, дамыту мен өркендетуге сіңірген еңбегі зор. Бұл үзінді оның «Высокое искусство. Принципы художественного перевода» кітабынан («Авалонъ» баспасы, Санкт-Петербург, 2008) алынып отыр.
* * *
Мәселе мынада: тәржімешінің сөздігі қаншама бай болғанымен, ол тәржімеленіп отырған мәтінге қызмет етпесе, оның қажеті шамалы.
Тәржімешінің синонимдерді терген кезде, оларды жүйе-желісіз жинай бермегені жөн. Оларды стиліне қарай орны-орнына бөліп қойғаны орынды, өйткені әр сөздің орайлас келетін стилі бар. Себебі – бірі сезімдік-әсершілдік, енді бірі көтеріңкі салтанатты, келесісі әзіл-оспақты ойнақы, кейінгі бірі қатқыл іскерлік стильде болуы ықтимал. Мысалға умереть етістігін алайық. Умер деудің жөні бір басқа да, отошел в вечность, скончался деген басқаша, енді опочил, немесе заснул навеки немесе заснул непробудным сном, айталық, отправился к праотцам, преставился дегеннің реңкі өзгешелеу, ендеше издох, околел, скапутился, загнулся, отдал концы, окочурился, дал дуба, сыграл в ящик және т.т. жөні мүлде бөлек.Академик Щерба тілді мынадай төрт стилистік қатпарға бөлген екен:
Аударған Кеңес ЮСУП