Әлем әдебиеті

ӘДЕБИЕТКЕ — МАДАҚ, ТӘЛІМГЕ — ТАҒЗЫМ

0

НОБЕЛЬДІК ДӘРІС

Марио ВАРГАС ЛЬОСА

ӘДЕБИЕТКЕ – МАДАҚ, ТӘЛІМГЕ – ТАҒЗЫМ

Марио ВАРГАС ЛЬОСА – 1936 жылы 28 наурызда Арекипада дүниеге келген пе­руандық прозаик және драматург, публицист, саяси қайраткер.
Ол балалық шағын Боливияда өткізеді. Кезінде КСРО жастарының сүйіп оқыған кітабы – «Қала мен иттер» романының авторы. Ол роман КСРО мен АҚШ­-та экран­далды. Латын Америкасы қоғамында орын алған әділетсіздікке анархиялық қарсылық білдіретін және зорлық­зомбылықты өмірдің әлеуметтік салты ретінде бейнелеген «Күшіктер» повесі жарияланғаннан кейін кейбір сыншылар оны «Хемингуэйдің ізбасары» деп атады.
Құрметті Легиона Орденінің кавалері. Оған Астурий ханзаданың әдеби, неміс кітап сатушыларының әлемдік және Чино дель Дук сыйлығы берілген. Сервантес сыйлығының лауреаты. Испан корольдік академиясының мүшесі, бірқатар Европа мен Америка университеттерінің құрметті докторы.
Перуандық әлемге әйгілі қаламгер былтыр Нобель сыйлығының лауреаты атанды.

* * *

Әдебиет біздің сұлулық пен бақыт жайлы армандарымызға ой тастап қана қоймай, төніп келе жатқан қауіп-қатерді алдын ала ескертетіндігіне, кез келген қысымды ашық көрсететіндігіне ешкім күмәнданбай-ақ қойсын. осыдан келіп мынадай сұрақ туындайды: адам баласының шыр етіп өмірге келгенінен бастап о дүниеге аттанғанға дейінгі қадамын бақылағысы келетін режимдердің барлығы әдебиеттен қорқатыны соншалық – репрессивті цензураны енгізіп, тәуелсіз жазушыларды көздерінен таса қалдырмайтын себебі неде? олардың бұлай әрекет етуінің себебі – оқырманның кітап кейіпкерлерінің кейпіне еніп, шынайы өмір  мен салыстырып, қиялданатынын сезеді, ал жазушылардың «қиялынан туған» дүниесінің кейде бүлікке ұласып кететінін түсінеді. Себебі – оқырман көркем шығарма арқылы обскурантизм мен  үрейді еркіндік, бостандық жеңе алатынына көзін жеткізеді, сөйтіп, оны шынайы өмірде жүзеге асырғысы келеді…

Мен оқуды бес жасымда үйрендім. Менің қаріп тануыма септігін тигізген ағам Юстиниан болды.

Рұқсат алу

Аударған Алуа ӘМІРБЕКОВА

Алуа ӘМІРБЕКОВА – 1988 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл­Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін ха­лықаралық құқық мамандығы бойынша бітірген. ҚМЭБИ-­дің ма­гистратурасын тәмәмдаған. Республикалық басылымдарда шетелдік саяси оқиғаларға сараптама жасауға бейімделген маман.

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.