Әлем әдебиеті

Уильям САРОЯН. ФИЛИППИНДІК ЖӘНЕ МАС

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

 

Уильям САРОЯН

ФИЛИППИНДІК ЖӘНЕ МАС

әңгіме

    Уильям САРОЯН – армян отбасынан шыққан атақты америкалық жазушы. 1908 жылы Американың Калифорния штатының Фресно қаласында дүниеге келген. Кедей отбасынан шыққан, еңбек жолын қарапайым пошташы болып бастаған Уильям араға жылдар салып әйгілі америкалық Хемингуей, Стейнбек, Фолкнер, Колдуэлл сынды жазушылармен үзеңгі қағыстырған даңғайыр жазушыға айналды.  
    1934 жылы жарыққа шыққан «Ұшатын трапециядағы жас ержүрек» атты шығарма оқырман қауымның назарын өзіне аудару арқылы жазушыға әдеби ортаға жол ашты. Уильям осыдан кейін-ақ пьесалар жазып, драматург ретінде атағы шыға бастады. Оның «Менің жүрегім тауларда», «Жақсы адамдар»,  «Кет, қария», «Үңгір адамдары» атты пьесалары Уильямның тек өзіне тән нәзіктікпен негізгі ойды өшпес үміт, мәңгілік махаббатқа арнайды.
    Уильям Сароян 1972 өмірден озды. Оның қаламынан туған мың жарымға тарта әңгіме, он роман және он екі пьеса америка әдебиетінің өшпес қазынасы болып қала береді.

Рұқсат алу

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.