Әлем әдебиеті

Решат Нури ГҮНТЕКИН. БАҚШАСЫ БАР АСХАНА

1

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

 

Решат Нури ГҮНТЕКИН

БАҚШАСЫ БАР АСХАНА

әңгіме

Решат Нури ГҮНТЕКИН (1889-1956) Ыстамбұлда өмірге келген. Әдебиет факультетін бітіріп, оқытушы болып жұмыс істеген. Біраз уақыт депутат та болған.

Бірінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында жазушылықпен айналыса бастады. 1922 жылы Решат Нуридің «Бозторғай» романы жарияланды. Анадолы өмірінің маңызды мәселелерін түрлі типтер арқылы қызуқанды, табиғи таза тілмен баяндайды. «Бозторғай» романы түрік әдебиетінің ең таңдаулы шығармаларының қатарынан орын алды. Жазушы әңгімелерінде де Анадолы өмірін сатиралық мәнерде суреттеген.

Хайдар Мырза ескі бір Евкафта хатшы болып жұмыс істейтін еді. Бірақ ол үнемі өзін кәсіпкермін деп санайтын:

– Мен қалайша бір қызметші болдым? Жиырма бес жыл бұрын бір бақалшының қасына шәкірт болып барсам ғой, қазір дүкеннің иесі болушы едім! – деп күйінеді.

Және де мына сөздер аузынан түспейді:

– Шіркін-ай, қолымда ең болмаса екі-үш мың лира ақша болғанда ғой, қалағанымды істеуші едім!

Рұқсат алу

Пікірлер: (1)

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.