ЗЕРТТЕУ. ЗЕРДЕЛЕУ. КӨЗҚАРАС
Әмір ЖАЛБАҒАЙ
Толқын РАМАЗАН
ЖЫР ПЕРІШТЕСІ
Ли Байдың аты аталса, «жыр періштесі», «шарап жыры», «романтик», «айбынды» анықтауыштарының оқырмандар ойына оралары айдан анық. Ал нағыз Ли Бай біздің межемізден қаншалықты қашықта? Дәстүрлі баяндауларда Ли Бай ашық, жайдары, реал ортадан аттап өтіп, еркін самғаған ақын. Төрелер мен тоғышар-лардың қақпақылы мен келекесі оның бейнесіне көлеңке түсіре алған жоқ, қайта жыр дүлдүлінің таңғажайып өміріне онан әрмен тылсымдық реңк берді.
Ли Байдың туған жері туралы зерттеулер жүргізген қаламгерлердің тұспалдары ежелден бір жерге тоғысып, нақты тиянақ таппаған еді. Солардың ішінде өкілдік сипаттысы екеу. Оның бірі – Сычуан өлкесін-дегі Жяңиұ қаласы, енді бірі – Орта Азиядағы Суяп қаласы. Қазір қаламгерлер түгел дерлік Ли Байдың туған жері Суяп қаласы, бұл қала қазір Қытай шекарасының ішінде емес, Қырғызстан Республикасының астанасы – Бішкектің шығысындағы Тоқмақ қаласының маңында, қазір сол жерде Суяп қаласының көне жұрты бар деген ортақ тоқтамға келді.
Ли Бай 701 жылы осы Суяп қаласында түрік отбасында дүниеге келеді. Әкесі мен шешесі ұлына Тайбай деп, ал Тайбайдан кейін туылған қызына Толғанай деп ат қояды.
Тайбайдың түрікше ат екендігі әркімге аян. Ежелгі түріктерде баласы есейіп, ержеткенде «малды, бай болсын» деп тілеу тілеп, малдың жас тұқымын атайтын атауының соңына «бай» қосымшасын қосып ат қою дәстүрі болған. Ал балаға ат қоюдағы осы салт қазақтарда қазірге дейін сақталған, айтар болсақ, ұл балаларға Тайбай, Құнанбай, Дөненбай, Ботабай, Тайлақбай, Қозыбай, ал қыз балаларға Толғанай, Айтолқын, Әйгерім, Айсұлу, Күншуақ, Күнсұлу, Шолпан деп аспан шырақтарына балап ат қою жиі кездеседі. Бәлкім, сол кездегі қазақтардың наным-сенім Һәм эстетикалық талғамына қатысты болса керек.
Толқын Әмірұлы РАМАЗАН – 1970 жылы 16 қазанда Қытай Халық Республикасының Алтай қаласында дүниеге келген.
1996 жылы Шинжяң университеті Қытай тілі факультетін бітірген. 19962003 жылдар «Мұра» журналында редакторлық қызмет атқарды. 2003 жылдан бері бүгінгі күнге дейін ШҰАР (СУАР) әдебиеткөркемөнер бірлестігінің фольклор қоғамының кеңсе меңгерушісі, ғылыми қызметкері, қытай тілі маманы, қытай фольклор қоғамының мүшесі.
Қытай тілінде «Қазақ фольклоры жөнінде түсінік», «Бейзаттық мұра қазақ хиса-дастандарын қорғаудың маңызы», «Қазақ ақындар айтысына шолу» атты мақалалар және «Қазақ ақындар айтысынан таңдамалылар» атты кітап жазған.