Әлем әдебиеті

Рефик Халид КАРАЙ. ЕТІКШІ

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

 

Рефик Халид КАРАЙ

ЕТІКШІ

әңгіме

Рефик Халид КАРАЙ (1888-1965) – Мудурнудан Ыстамбұлға қоныс тепкен қарақайыс отбасынан шыққан түрік жазушысы. Қаржы министрлігінің бас есепшісі Мехмет Халид Бейдің ұлы. Галатасарай Сұлтандығында және құқық мектебінде оқыды. Қаржы министрлігінде қызмет істеді. ІІ Коституцияның жариялануынан кейін журналистикамен айналыса бастады. «Аудармашының ақиқаты» басылымында аудармашылықпен айналысты және тілші болып қызмет етті.Жазғандары билікке жақпағандықтан алдымен Синопқа, кейіннен Чорум, Анкара және Биледжикке жер аударылды. Ыстамбұлға оралған соң біраз уақыт түрік тілінің мұғалімі қызметін атқарды. Тәуелсіздік күресіне қарсы жазылған шығармалары үшін халық жауы саналып, «жүз елуліктер» тізіміне енгізілген Рефик Халит Алтай Бейрут пен Халепке жер аударылып, сонда өмір сүрді. Ататүрікке жазған өлеңдері мен хаттары арқылы «жүз елуліктер» тізіміндегілердің ақталуы жолында үлкен еңбек етті. Рақымшылық заңымен елге оралды. Түрік әдебиетінде алғаш рет тақырыптық жағынан Анадолыны танытатын, жанрлық жағынан сатира мен сықақ түріндегі шығармаларымен танылды. Рефик Халит Карай – шығармаларында суреттеу, портрет, теңеулерді молынан қолдануымен қатар, әрі қарапайым, жатық тілімен ХХ ғасыр жазушылары арасында өзіндік өрнегін қалдыра білген жазушы. Түрік тілін асқан шеберлікпен пайдаланған жазушы түрік әдебиетінің қорын көптеген шығармаларымен толықтыра түсті.

 

Рұқсат алу

 

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.