СҰЛУ САЗДЫ СӨЗ САРАСЫ
ӨМІР СЕНЕН ҮЙРЕНДІМ
Пабло НЕРУДА – Чили ақыны. Шын аты Нефтали Риккардо Басоальто. 1904 жылы 12 шілдеде Чилидің оңтүстігіндегі Парралледе Хосе дель Кармен Рейесе Моралеса және Роса Басоальтоның отбасында дүниеге келді. 1917 жылы «Ла Маньяна» (Темуко) газетінде Неруданың алғашқы туындысы жарияланады.
1920 жылғы қазан айынан бастап оның барлық шығармалары Пабло Неруда бүркеншік атымен жариялана бастады. 1935 жылы ол Мадридке консул болып тағайындалды. Сол жылдың қазан айынан бастап, Неруда жетекшілік ететін «Поэзияның көк жорғасы» атты журналы шыға бастады.
1953 жылы оған «Халықтар арасындағы бейбітшілікті нығайтқаны үшін» халықаралық Лениндік сыйлық тапсырылады. 1971 жылы әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты атанады. Ол көптеген шығармалардың авторы. Оның өлеңдері әлем халықтарының бірнеше тілдеріне аударылған.
Пабло Неруда 1973 жылы 23 қыркүйекте Сантьяго қаласының Санта Мария клиникасында көз жұмды.
КӨРІНБЕЙТІН АДАМ
Ақындарға өткен сонау әріде.
Күлкім келеді – күлемін
Жан жүрегім сүйеді оны, білемін…
Жазғанының бәрін де.