Әлем әдебиеті

ТЫНШУЛЫ ТЕҢІЗ

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

ВЕРКОР

ТЫНШУЛЫ ТЕҢІЗ

Хикаят

ВЕРКОР – (лақап аты) шын аты­-жөні Жан Брюллер, 1902 жылдың 26 ақпанында Парижде дүниеге келген француз жазушысы, суретші­график. Баспагердің ұлы. Білімі бойынша инженер. 1935 жылы «Vendredi» Халық майданының апталығымен тізе қоса жұмыс істеген.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде П. де Лескюрмен бірге Парижде жасырын «Түнгі баспа» ашып, онда «Веркор» (Альпының орманды тау бөктерінің атауы) лақап аты­мен «Тыншулы теңіз», «Жұлдызбен шеру» атты хикаяттарын басып шығарды.
Веркор – трагедиялық әңгімелердің хас шебері («Көздер мен жарық»), тапқыр да кәнігі моралист («Азды­көпті адам») және ғылыми, әлеуметтік және моральдық құндылықтардың тоғысуы («Адамдар, әлде хайуандар ма?» романы)  қарапайым неме­се ерекше мінездер («Осы жағалауда» хикаяттар топтамасы т.б.), фантастикалық оқиғалар («Сильва» романы) оқырманға ой салуды көздейді.
Жазушы 1991 жылы 10 маусымда Прижде қайтыс болған.

Сен-­Поль­-Ру ақынның рухына арналады

1

Оған дейін мұнда жаяу әскердің әртүрлі өкілдері болған. Бәрінен бұрын жаяу жалпы әскерден: екі ақ сары сарбаз, біреуі – ебедейсіз, арық, екіншісі – тас қалаушынікіндей қол-аяғы балғадай, мығым денелі жігіт. Олар үйге кірмей тұрып айнала қарап шықты. Одан кейін унтер-офицер келді. Оны түр-әлпеті ұсқынсыздау сарбаз шығарып салды. Олар менімен өздерінше французша сөйлескен болды. Мен олардың бір сөзін де түсінген жоқпын. Бірақ бос бөлмелерді көрсеттім. Оларға ұнағандай болды.
Таңертең үлкен сұр түсті әскери машина баққа кіріп келді. Шопыр жігіт пен ақшыл сары шашты, күлімсіреген, арықша келген жас сарбаз машинадан екі жәшік пен брезентке ораған үлкен теңді түсірді. Олар мұның бәрін жоғарыдағы кең бөлмеге көтеріп кіргізді.

Рұқсат алу

Аударған Бақытгүл ҚҰСАЙЫНОВА

Бақытгүл ҚұСАЙЫНОВА 1986 жылы 12 қарашада Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Көктал ауылында дүниеге келген. Ма­мандығы – журналист.
2008 жылы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемле­кеттік университетін бітірген.
«Қостанай» қалалық газетінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметінде еңбек еткен. Қазіргі уақытта «Әлем әдебиеті» журналында қызмет істейді.

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.