Әлем әдебиеті

МӘДЕНИ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ҰЛТШЫЛДЫҚ. Ерол ГҮНГӨР

0

ЗЕРТТЕУ. ЗЕРДЕЛЕУ. КӨЗҚАРАС

Ерол ГҮНГӨР

МӘДЕНИ ӨЗГЕРІСТЕР

ЖӘНЕ ҰЛТШЫЛДЫҚ

Ерол ГҮНГӨР (1938-1983) – танымал қоғам қайраткері, ғалым, публицист. Түркияның Кыршехир қаласында дүниеге келген. Кыршехирдегі соңғы шайхылардың бірі болған атасы Қажы Хафызоғлының тәрбиесінде өскен бала Ерол жас кезінен бастап Османлы мәдениеті, дін, руханият жайлы терең мәлімет алады. Туған қаласында мектеп бітіргеннен кейін Ыстамбұл университетінің заң факультетіне оқуға түседі.  Оқып жүріп Ыстамбұлда Зия Нұр, Нуреттин Топчы сияқты ғалымдар мен Нежіп Фазыл, Сезаи Каракоч сынды ақын-жазушылардың сұхбаттарына қатыса бастайды. Солардың әсерімен және профессор Мүмтаз Тұрханның бағыт сілтеуімен құқықтану бөлімінен әлеуметтік-қоғамдық психология бөліміне ауысып кетеді. Университетті тәмамдағаннан кейін ұстазының жанында қалып, оның ассистенті болады.
Студенттік жылдарда қолына қалам алған Ерол Гүнгөр «Дирилиш», «Төре», «Түрік әдебиеті», «Доғуш», «Иені дүшінже», «Хамле» сынды журналдар мен «Орта доғу», «Хергүн», «Миллет» атты газеттерге мақалалар жариялай бастайды. Көпшіліктің көкейіндегі мәселелерді қозғаған тұщымды, тұжырымды, ойға бай мақалалары оқырманды баурап алды.
1965 жылы докторлығын қорғаған Ерол Гүнгөр 1966-1967 жылдары АҚШ-тың Колорадо университетінде жұмыс істейді, тәжірибе жинақтайды. Елге оралғаннан кейін Ыстамбұл университетінің психология бөлімінде профессор болады.  
1982 жылы Кониядағы Селчук университетіне ректор болып тағайындалды. 1983 жылы қайтыс болғанға дейінгі аз ғана уақыттың ішінде бірнеше ғылыми зерттеу институтын, университеттің жеке ауруханасын және факультет ашып, іске қосты. Сонымен қатар, ол өмірінің соңғы жылдары өзі жетік меңгерген француз, ағылшын, араб және парсы тілдерінен көптеген аудармалар жасады.
Тарихқа, дін мен руханиятқа, мәдениет пен әдебиетке, философия мен социологияға және психологияға қатысты көптеген еңбектер жазған Ерол Гүнгөр бір сөзбен айтқанда, жан-жақты ғалым. Бұл тұрғыдан Зия Гөкалптың ізбасары болып табылатын ол «Тарихта түріктер», «Исламның бүгінгі мәселелері», «Ислам тасаууфына бакышлар», «Милли күлтүр уе ислам», «Күлтүр дегишмелері уе миллиетчілік», «Түркиеде батылылашма» және тағы басқа көптеген кітаптардың авторы.

Рұқсат алу

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.