Әлем әдебиеті

ЕГДЕ ӘЙЕЛ. Орхан КЕМАЛ

0

ТҮРІК ПРОЗАСЫ

Орхан КЕМАЛ

ЕГДЕ ӘЙЕЛ
әңгіме

Орхан КЕМАЛ 1914 жылы 15 қыркүйекте Адана қаласының Джейхан ауданында дүниеге келген. Шын аты – Мехмет Рашид Огутчу. 1950 жылы отбасымен бірге Ыстамбұл қаласына қоныстанған Орхан Кемал жазушылық қаламақысымен күн көрді. Сарабдал жазушы әңгімелерінде ұлттық мінез ерекшелігін, рух концепциясын терең зерделеген. 1970 жылы 2 маусымда Бұлғар Жазушылар Одағының шақыртуымен София қаласында емделіп жатқан кезінде емханада қайтыс болды.

Іші толы автобус Лалели тұрағында тұр.
Кіп-кішкентай, беті әжім-әжім бір әйел. Тұрақтың жаяу жүргіншілерге арналған жолында көсіліп отырды. Тұрайын деп еді, тұра алмады. Тағы бір мәрте күш салып орнынан тұрды. Автобусқа мінгісі келіп дірілдеген ап-арық қолымен электр бағанасына жармасты. Автобусқа мінетіні көрініп-ақ тұрды. Тұрақтағы жас бала көмектесіп, автобустағылар да тамыры шығып кеткен, құп-құрғақ қолынан тартып автобусқа мінгізді. Біреу орын берді, егде әйел отырды. Мен тұрған жердегі қарама-қарсы орындыққа отырды. Оң көзінің айналасы көгеріп кеткен. Шел басқан көзімен айналасына үрпиіп қарайды. Нашар көретіні аңғарылып тұрды. Әбден шошынған, тағдыры бағындырған, әлсіз. Бұл дүниеге өзін қонақ санайтыны анық көрініп тұр еді.
Билетші:
– Қайда барасың, ана?

Рұқсат алу

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.