ТҮРІК ПРОЗАСЫ
САМАУЫР
әңгіме
Саит Фаик АБАСЫЯНЫК 1906 жылы 23 қарашада дүниеге келген. Адапазарыдағы бастауыш мектебінде, кейіннен екі жыл орта мектепте оқиды. Азаттық соғысынан кейін отбасымен Ыстамбұлға келіп тұрақтап, Ыстамбұл университетінің әдебиет факультетінде білім алады.
1929 жылы 9 желтоқсанда Саит Фаиктің «Ұшыртпалар» атты алғашқы әңгімесі жарияланды. Алғашқы шығармаларын жаза бастаған кезінде әңгіме жанрында бір жағынан Өмер Сейфеттиннің «ұлттық әңгімесінің» әсерінде болса, екінші жағынан Рефик Халит Карайдан Желалеттинге дейінгі жазушылардың «әзіл әңгімелеріндегі» басымдық бағытты ұстанған еді. Сабри Ертем және Сабахаттин Алимен қалыптасқан «реалистік бағытта» да қатар жүрді. Саит Фаик осы бағыт әсерімен алғашқы әңгімелерін жаза бастайды. Ол адамдар арасындағы шиеленісті, дағдарыстарды, түсініспеушіліктерді әңгімесінің негізгі тақырыбы етіп алды. Алғашқы кезеңде жазылған шығармалары Адапазары мен Ыстамбұлда өткен балалық және бозбалалық шағы жайында баяндалған.
Саит Фаик 1954 жылы 11 мамырда дүниеден өтті. Қайтыс болғаннан кейін Бургаз аралындағы үйі мұражайға айналды. Анасы «Саит Фаик атындағы әңгіме жүлдесін» тағайындады. Қазіргі заманғы әдебиетке қосқан үлесіне байланысты Америкадағы «Халықаралық Марк Твен қоғамының» құрметті мүшесі атанды.