ТҮРІК ПОЭЗИЯСЫ
ӨТЕР БҰЛ КҮН…
Юнус Эмре – түріктің ұлы шайыры. Ғұмырбаяны туралы мәліметтер көмескі. Бірақ ғалымдар көп зерттеудің нәтижесінде ақынның шамамен 1240 (41) жылдары дүниеге келіп, 1302 (21) жылдары өмірден озғаны жайлы тоқтамға келіп отыр. Ол ХІІІ ғасырда, селжұқтар билігі құлаған дәуірде өмір сүрген. Күллі ұлы шайырлар сияқты, заманының зарлы сарыны Юнус жырларынан да айқын көзге ұрады. Оның сырлы диуандары ауыздан-ауызға тарап, күллі дүниені кезіп кеткен. Сондықтан бір туындысының бірнеше нұсқалары болуы да заңды. Сол кездегі жазба әдебиет өкілдеріне тән үрдістен Юнус Эмре де тыс қалмаған: оның шығармалары ескі түрік тілінде жазылғанымен араб, парсы тілдерінің де әсері мол екені байқалады.
Шақырайын, Мәулім, сені
Тауларыммен, тастарыммен,
Анау түпсіз аспаныммен шақырайын, Мәулім, сені.
Сахарларда құстарыммен,
Барлық ғашық достарыммен шақырайын, Мәулім, сені.