ҮНДЕСТІК ПЕН ҮЙЛЕСІМ
Ибрахим ЙЫЛДЫРЫМ,
Юнус Эмре атындағы Түрік мәдениет
орталығының директоры
АХМЕТ ИАСАУИ
ЖӘНЕ ЮНУС ЭМРЕ
Түркілердің мұсылман болуы және Анадолының ислам дінін қабылдауы кезеңінде ықпалды болған ең маңызды тұлғалардың бірі – Ахмет Иасауи, екіншісі Анадолыда мистикалық көзқарастың ғұламасы, бұқара тарапынан сүйіспеншілікке бөленген түркі және мистикалық әдебиеттің дамуына зор үлес қосқан Юнус Эмре еді. Осы мақалада Ахмет Иасауи және Юнус Эмренің бір-біріне ұқсас ортақ қасиеттері және әр түрлі бағытты салыстыру арқылы екі маңызды мистикалық тұлғаның халқымызға қаншалықты ардақты екенін көрсетуге күш саламын.
Ислам – термин ретінде сенім, тыныштыққа жету, амандыққа жеткізу, екі жақты қорғаныс және бейбітшілікті орнату сияқты мағыналармен қатар, кешірімділік, татулық, бейбітшілік, келісім, ымыраласу сияқты мағыналарды да қамтиды.
Әр түрлі көзқарас пен іс-әрекеттерді төзімділікпен қабылдау, болмашы қателіктер мен ақауларды кешіру мағынасына келетін термин. Бізден басқа және бізге ұқсамағандарға қарсы күш қолданбау, қысым көрсетпеу, олардың кішігірім өзгешеліктері мен кемшіліктеріне көз жұма қарау деген сөз. Моральдық таным ретінде дара және қоғамдық деңгейде де мән берілуі қажет құндылық.