Әлем әдебиеті

ОНОРЕ ДЕ БАЛЬЗАК. Ғарифолла ЕСІМ

0

ӘЛЕМГЕ ӘЙГІЛІ ТҰЛҒАЛАР

Ғарифолла ЕСІМ

ОНОРЕ ДЕ БАЛЬЗАК
(1799 -1850)

Бальзактың орыс тіліне аударылған шығармаларын студенттік жылдары түгел дерлік оқып шыққан едім. Әрине, Бальзакты оқу бар да, оны түсіну бар. Мен француз емеспін, сондықтан қабылдау маған оңай шаруа болған жоқ. Бір сәті түсіп, бертін келе, оның «Шагреневая кожа» деген романын қайта оқып шықтым. Соншама ұнаттым деп айта алмаймын.
Бальзак өмір қызығына соншама кенеліп өмірден өткен жан емес. Қысқа ғұ­мырында ондаған романдар жазып, арпалысып өмір сүрген қаламгер.
Солай бола тұра соңынан мол мұра қалдырды. Кезінде Данте өз шығармасын «Божественная комедия» десе, Бальзак бар жазғандарына «Человеческая комедия» деген ортақ атау берген. Адамның ғұмыры комедия екені шындық, жазушының бұл ойымен келісемін, себебі комедия – трагедияның жоғарғы көрінісі, мәнді айғағы. Күлкі табиғатында трагедия жататыны көптен бері көпшілікке белгілі. Ойы терең қаламгерді қайта-қайта оқи беруге болады. Жуырда қолыма Бальзак шығармаларының орыс тіліндегі бір томдық жинағы тиді. Кітаптың мазмұнына қарасам: «Отец Горио», «Полковник Шабер», бұлардың сюжеттері есімде, әсіресе «Гобсек» жадымда жақсы сақталыпты. Ал «Обедня безбожника» және «Неведомый шедевр» деген шағын әңгімелері есімде қалмапты. Бірін бастаған соң, тоқталмай кітапты түгел оқып шықтым.
«Обедня безбожниканың» есімде қалмауы түсінікті екен, себебі бұл әңгімеде атеизм мен діни сезім туралы біршама терең ойлар айтылған. Әрине, кеңес зама­нында атеизм деген өмір сүру тәсіліміз болғандықтан, дін мәселесіне пәлендей мән бермейтінбіз. Дін деген жат түсінік, демек оның қызығы да шамалы. Бұл шығармалардағы діни сезім мені кезінде қызықтырмаған, содан ол есте де қалмаған. Бүгінгі заманда атеизм орнына қайтадан дін орныға бастағанда әңгіме идеясы өзгеше мәнде ашылып тұр. Айтар ойым түсінікті болуы үшін, әңгіме сюжетімен таныс емес жұртшылыққа, қысқаша мазмұнын айтып берейін. Бальзакқа тән көпсөзділікті ширатып айтсақ, әңгіме былай болған. «Парижге әйгілі доктор, Бьяншонның айтуынша, оның ұстазы Деплен – атеисттің нағыз өзі. Ол туралы Бальзак былай деген: «Он не верил ни в сотворение первобытного животного мира, ни в бессмертие человеческой души. Деплен не сомневался, он отрицал. То был откровенный, чистейшей воды атеизм, который присущ многим ученым: это прекраснейшие люди, но они до мозга костей атеисты, – атеисты, исповедующие атеизм с такой же убежденностью, с какой религиозно настроенные люди его отвергают. Деплена и не могло сложиться иных убеждений: ведь он с молодых лет привык рассекать скальпелем челевека-венец живого всего – до его рождения, при жизни и после смерти, привык копаться во всех его органах и нигде не находил эту единую душу, сталь необходимую для всех религиозных учений».

Рұқсат алу

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.