Әлем әдебиеті

РОМЕН РОЛЛАН. Андре МОРУА

0

ӘЛЕМГЕ ӘЙГІЛІ ТҰЛҒАЛАР

Андре МОРУА

РОМЕН РОЛЛАН

Андре МОРУА (1885-1967) – аса көрнекті француз жазу­шысы. Өнеркәсіпшілер отбасында дүниеге келген. Руандағы Кор­нели атындағы лицейді бітірген. Оған Еуропада Ален деген атпен танылған философия пәнінің оқытушысы Эмиль Шар­тье үлкен ықпал еткен. Лицейді бітірген соң болашақ жазушы әкесінің фабрикасында басшылық қызметтерде болады. Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысады. Сонда жүріп, «Полковник Брэм­блдің үнсіздігі» атты алғашқы романына материал жинай­ды. Екінші дүниежүзілік соғысқа да өз еркімен сұранып, қатысады. Францияның жеңілісінен соң АҚШ-қа барып, көп­теген тарихи һәм көркем шығармалар жазады. Соғыс біткен соң, Отанына қайтып оралып, жазу үстеліне қайта отырады. Оның қаламынан «Ариэль немесе Шеллидің өмірі», «Дизраэлидің өмірі», «Байрон», «Бернар Кене», «Құбылмалы махаббат», «Жанұялық топ», «Лелия немесе Жорж Сандтың өмірі», «Олимпио немесе Виктор Гюгоның өмірі», «Үш Дюмо» сынды толымды да толайым шығармалар туған. Ал сексен жасында «Прометей немесе Бальзактың өмірі» атты ақырғы кітабын жазған.

Көптеген адамдар Ролланның есімін алдыңғы буынмен салыстыратындықтан, олар үшін бұл кітаптағы зерттеулер орынсыз болып көрінуі мүмкін. Алайда ол Жидтен үш жыл бұрын туып, Пегиден отыз жыл кейін қайтыс болды емес пе?! Ал сонымен қатар оның «Жан-Кристофының» мен үшін және менің заманымдағы басқа да жастар үшін атқарған маңызды рөлін қалай ұмытуға болады? Бізге ол ұлы роман болып көрінетін. Әрине, «Соғыс пен бейбітшілік» сияқты толыққанды емес, бірақ та сол кездегі бізді шынымен-ақ шабыттандыратын роман «ағымдары»: «Тибо әулетінің», «Рахымды ойлар адамдарының» негізгі бастауы болатын.

Рұқсат алу

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.