СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ
ҮЗІЛГЕН ҮМІТ
хикая
Хусеин Рахми ГӨРПЫНАР (1864-1944) Стамбулда туған. Мемлекеттік мекемеде аз уақыт жұмыс істегеннен кейін таза кәсіби жазушылық жолға түскен. Халық Ұлттық Мәжілісінің депутаты болды. Туындыларында қоғамдық һәм әлеуметтік мәселелерді, отбасылық проблемаларды қозғады. Елу төрт роман жазған.
Кішкентай табытты үйден шығарып жатқанда Вехие ханым:
– Ай, кішкентай торғайым, әке-шешеңді тастап қайда барасың? – деп жүректі тілер ащы дауыспен айқайлап жылай бастады. Содан соң ес-түссіз аласұра айқайлап, әйнектерді сындырды. Ақырында есінен тана жерге құлады. Вехиені көрген анасы Шекуре ханым немересінің қайғысын ұмытып, жанұшыра қызына қарай жүгірді. Қасына келген әйелдердің жәрдемімен Вехиеге лимон иіскетіп, аузына су тамызды. Қолдарын уқалады. Вехие жайлап көздерін ашты. Ол айналасындағыларға саусағымен жүрегін нұсқап адам жаны төзбейтін күйіктің оттай жандырып бара жатқанын жеткізгісі келді. Ақ кебінге оралып, енді есіктен шығарылып жатқан табыттың соңынан кеткісі келетінін, сол табытпен бірге жерге көмілгісі келетінін қарлыққан баяу дауысымен айтып жоқтап жатты.
Ол жоқтау зарының арасында: