Әлем әдебиеті

ӘЙЕЛ КҮНДЕЛІГІНІҢ СОҢҒЫ ПАРАҚТАРЫ. Валерий БРЮСОВ

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

Валерий БРЮСОВ

ӘЙЕЛ КҮНДЕЛІГІНІҢ
СОҢҒЫ ПАРАҚТАРЫ

повесть

Валерий БРЮСОВ (1873 – 1924) – орыс әдебиетінің аса көрнекті өкілі. Ол – ғаламат ақын, Ресей поэзиясындағы символизм ағымының негізін қалаушы, сондай-ақ проза саласында да өнімді еңбек еткен.

15 қыркүйек

Мүлде күтпеген оқиға. Жұбайым өлі күйінде өз кабинетінен табылды. Бел­гісіз кісі өлтіруші Виктордың бас сүйегін әдетте текшеде жататын гимнасти­калық гірмен ұрып сындырған. Қанға малынған гір осы жерде, еденде домалап жатты. Үстелдің тартпалары қираған. Ел Викторға енгенде, оның денесі әлі жылы болатын. Қылмыс таңға жақын жасалған.
Үйде тыныштықорнаған. Лидочка еңіреген күйде бөлмелерді аралаумен жүр. Бала бағушы әйел де күйбеңдеп, ешкімге ештеңе істеуге жол берер емес. Жалшылар үндемегенді міндет санаған сыңайлы. Ал мен кофе сұрағанымда, маған тап бір анттан аттап кеткен адамдай ожырая қарасты. О құдай! Алда қаншама азапты күндер күтіп тұр десеңізші!
Полиция келді десіп жатты.

Рұқсат алу

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.