Әлем әдебиеті

БАЛЬТАСАРДЫҢ ӨМІРІНДЕГІ ҰМЫТЫЛМАС КҮН

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

Габриэль ГАРСИА МАРКЕС

БАЛЬТАСАРДЫҢ
ӨМІРІНДЕГІ
ҰМЫТЫЛМАС КҮН

Латынамерикалық әдебиеттің от тілді, орақ ауызды өкілі Габриэль ГАРСИА МАРКЕС 1928 жылы Оңтүстік Америкада, Колумбияның Аракатака дейтін қала­шығында дүниеге келген. Университетті аяқтағаннан кейін астаналық (колум­биялық) «Эль-Эспектадар» газетінің еуропалық елдердегі тілшісі болған. 1955 жылы «Ұшқан жапырақ» деген тұңғыш повесі жарық көреді, 1958 жылы «Полковникке ешкім хат жазбайды» дейтін дүниесі оқырманға жол тартады. 1967 жылғы «Жүз жылдық, жалғыздық» романы оған әлемдік даңқ әкелді. 1982 жылы Нобель сыйлығы берілді, ал Ангола мен Кубадағы репортаждарына 1977 жы­лы Халықаралық журналистер одағының сыйлығы табыс етілді.

Кереге көз құс шарбақ әзір болғанда Бальтасар әдеті бойынша оны шатырдың асылмасына іліп қойды. Ол таңғы ауқатын ішіп болмай жатып маңайдағылардың бәрі бұл әлемдегі ең әсем себет десіп жатты. Оны көрмекке ұмтылған жұрттың көптігі сонша – Бальтасар үйдің алдына топталған халықтан бой тасалап шарбақты шеберханасына апарып қоюға тура келді.
– Қырынсаңшы, – деді оған Урсула. – Әйтпесе сен шымыр құйрық маймылға ұқсап кетіпсің.
– Таңертеңгі дәмнен кейін қырынудың жөні жоқ, – деді Бальтасар.

Рұқсат алу

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.