СҰЛУ СӨЗДІ СӨЗ САРАСЫ
МАХАББАТ, КҮЙ, СҮЙДІР, ҚЫЗЫҚТА!
Марина ЦВЕТАЕВА – ХХ ғасырдағы орыс поэзиясының ірі өкілі. 1892 жылдың 26 қыркүйегінде (8 қазан) Мәскеуде туған. Болашақ ақын қолына қаламды алғаш рет алты жасында алады. Және өлеңді тек орыс тілінде ғана емес, француз, неміс тілдерінде де жаза бастайды. 1906-1907 жылдары «Төртіншілер» деген повесі (әңгіме деуге де болады) дүниеге келсе, 1906 жылы француз жазушысы Э. Ростанның «Мұзбалақ» атты драмалық шығармасын орыс тіліне аударады. Бір айта кетері, жоғарыда айтылған екі еңбегі де сақталмаған.
Өз ақшасына бастырып шығарған «Кешкі альбом» атты жыр жинағы Маринаның алғаш рет басылым бетінде көрінуі еді. Бұл жинақты сыншылар қауымы өте жылы қабылдайды. Ырғағындағы жаңалықты, сезімінің нақтылығын В.Я. Брюсов, М.А. Волошин, Н.С. Гумилев, М.С. Шагиняндер дәл байқаған. Цветаеваның шығармашылық тұлғасының қалыптасуына мәскеулік символистердің – ықпалы біршама болған. Ақын проза жазған, аудармамен де айналысқан.
1941 жылы өзіне-өзі қол жұмсайды.
Шетсіз-шексіз қамқорлықтан шаршаған
Құдай біраз дем алған соң, тынығып
Періштелер жаратылды қаншама
Бар өнерін салды құдай жымиып.