ЕЗУТАРТАР
АНАУ ДА МЫНАУ
Виктор Гюго Пруссияға бара жатыпты. Шекарада аялдағандарында анкета толтыратын жандарм одан:
–Немен шұғылданасың? – деп сұрапты.
– Кітап жазам.
– Не жазатыныңда шаруам жоқ, немен мал табасың?
– Қаламмен, – дейді жазушы.
Жандарм анкетаға «Гюго, қалам сатушы» деп жазыпты.
* * *
Джек Лондон баспаға тапсырмақ болған қолжазбасын келісілген уақытында бере алмапты. Баспа иесі оған: «Лондон мырза, егер новеллаңыз жиырма төрт сағаттың ішінде менің қолыма тимесе, онда сізді өз қолыммен жазалаймын. Есіңізде болсын, мен айтқан сөзімде тұрам!» деп жеделхат жіберіпті. Оған Джек Лондон: «Мырза-еке, егер мен де тек қолмен ғана жұмыс істейтін болсам, онда мен де айтқан сөзімде тұрар едім» деп жауап кайтарыпты.
* * *
Бір ақын «Кейінгі ұрпаққа» деп ат қойылған өлеңін Вольтерге әкеліп оқытыпты. Оқып шыққан Вольтер:
– Онша нашар емес, бірақ арналған адресіне жетпейтін шығар, – депті.
* * *
Ақын Сумароковқа бір сапарында күймесіне алты ат жеккен бір алпауыт жолыға қалып:
– Ақындық пен надандықтың айырмасы бар ма? – деп әулекі сұрақ койыпты.
– Бар, – депті Сумароков, ойланбастан.
– Айтып жібер ендеше!
– Ақынды бір ат та алып жүре береді, наданды алты ат әрең тартады.
* * *
Мәскеудің әйгілі адвокаты Плевакоға бір көпес келіп, соттағы бір ісін дұрыстап реттеп беруді өтініпті.
– Жарайды, реттеп көрейін, қолдан келетін шығар, – дейді Плевако.
– Сөйтіңізші, Федор Никифоровия, жарылқаушы жақсы ием өзіңіз болыңызшы, – дейді көпес.