Әлем әдебиеті

УА, АДАМЗАТ, МЕНІ АЯ!

0

Ғабдолла ТОҚАЙ – 125

Ғабдолла ТОҚАЙ

УА, АДАМЗАТ, МЕНІ АЯ!

Татар әдебиетінің классигі, ақын  Ғабдолла Мұхаммедғарифұлы ТОҚАЙ (1886­-1913) бұрынғы Қазан уезі Қошлауыш ауылында дүниеге келген. Жастай әке­-шешеден айрылып, жетімдіктің азабын тартқан ол апасының жәрдемімен Орал қаласындағы «Мутыйғия» атты медреседе оқиды. Баспаханада әріп теруші, артынан корректорлық жұмысты атқара жүріп, әдебиетке араласа бастайды. Ғ. Тоқайдың ақындық тәжірибесі орыс ақыны Кольцовтың өлеңін аударудан басталды. Крылов мысалдарын татар тілінде сөйлетті. Өткір памфлеттер, сықақ өлеңдер, поэма, эпиграммалар жазды. Халық ертегілерінің сюжеті негізінде бірнеше поэма жазды. Өз шығармаларын татар тілінде, сол халықтың рухында туындатқан Тоқай нағыз ұлт ақыны болды. Небәрі 27 жасында дүниеден өткен ақын туралы сол кездегі басылымдарда «Тоқай өлімімен татарлар өзінің шын азаматы, ұлы ақынын жоғалтты» деп жазған еді.
Биыл туғанына 125 жыл толып отырған Ғ. Тоқайдың халық ертегісінің сюжеті бойынша жазылған туындыларын оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.

ШӨРӘЛІ

I

Дәл Қазанның артында
«Қырлай» дейтін ауыл бар.
«Қырлайдағы тауықтың
Өзінше бір әні бар».

Тумасамда мұнда мен,
Біраз ғана тұрып ем.
Жерін жыртып, егінін,
Бидай да орып ем.

Ұмытпаймын, әлі мен,
Орман еді жан-жағы.
Бейне пүліш, жібектей
Жайнап жасыл жапырағы.

Үлкен емес бұл ауыл,

Рұқсат алу

Аударған Жақан СЫЗДЫҚОВ

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.