Әлем әдебиеті

О.ГЕНРИ. КЕБІС

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

О.ГЕНРИ

 

 КЕБІС

 

            Американ жазушысы – О.ГЕНРИ (шын аты Уильям Сидней Портер) Каролина штатының Гринсборо қаласында (1862-1910) туып өскен. Қаламгер 280-нен астам қысқа, бірақ әйгілі әңгімелерімен әлемге танымал болған. Алғашқы әңгімелері Нью-Йорк журналдарында жариялана бастайды. «Төрт миллион», «Сәуле шашқан шырағдан», «Ізгі жанды алаяқ», «Батыстың жүрегі» әңгімелер жинағы мен «Маржан және керем» романында американ қоғамының шындығы қаз-қалпында шеберлікпен суреттеледі, сөйтіп автор халықтың әлеуметтік тұрмысының нағыз бақылаушысына айналады. Көптеген әңгімелерінде оқиғаның түйіні күтпеген жерден шешім тауып, әрі шым-шытырық шиеленіске толы болып келсе, бірқатары ащы ажуа, жеңіл әзіл-оспақпен әдемі көмкеріледі. Жазушы әңгімелеріндегі шынайы кейіпкерлер арқылы көрініс табатын түпкі ой — «қарапайым американдықтың да бақытты болуға құқы бар» дегенге саяды.

 

***

Джон Де Граффенрид Атвут лотос* гүлін жапырағына дейін қарбытуға әзір. Тропиканың ми қайнатар аптабы табанына сап шыжғырып жатқанда да, ол алған бетінен қайтпай сүйікті Розинасын ойлаумен ғана болды.

Кеш батысымен Билли Коф екеуі шағын елшілік үйінің самалдығына шығып алып, жергілікті халық бұлардан қашан теріс айналып, «жын соққыр америкалықтарды» сілейте сөге, иықтарын қопаң еткізгенше өңештерін жырта ән салумен болады.

Бір күні Джоннидың көмекшісі бір құшақ поштаны әкеп үстелге төге салды. Аспалы төсегінде жатқан Джонни құлықсыз, саусақтарының ұшымен хаттың төрт-бесеуін өзіне қарай алды. Коф үстелдің бір жақ бұрышына отырып алып, жазу қағаздарының арасында зытып жүрген қырықаяқты жұқа бәкісімен еріне шаншылап отыр. Әдепкідей, дүниенің қызық сайраны кермек, сор боп татығанда адам нені ойласа, Джонни да сары уайымның әлегінде отырған.

– Айта-айта жауыр болған дүниелер! – деді ол шағынып. – Еріккен жұрттың қызықпайтыны болсашы. Жемісті қалай өсіруден бастап, даяр асқа ие болудың сан қабат жолына дейін түк қалдырмай сұрап шығады. Кейбірінің, керек болса, жауап хатқа жіберген пошта маркасы да жоқ. Олардың ойынша елшінің хат жазудан басқа өнері қалмаған-ау, сірә. Мына біреулерін ашып, не жазғандарын біліп берші.

Қоңырқай өңі қарсылықсыз жымиып Коф орындығын үстелге таятып, хаттарды бір шетінен аша бастады. Мұндағы төрт хатты да өз есептерінде Коралиодағы елшілікті ақбар жинаудың орталығы санайтын Құрама Штаттардың тұрғындары жіберіпті. Қызыққан дүниелерінің ұзақ тізімін ұқыпты түрде көрсетіп, бұл араның күн райын, шығатын өнімдері мен мүмкіндік шегін, заңы мен кәсіп көздерін, сондай-ақ, мемлекеттің ар-абыройы саналатын елшілік тұрған аймақтың хал-ахуалына дейін тәптіштеп сұрауды ұмытпапты.

– Тілеуіңді берсін, Билли, оларға бірдеңе жазшы, – деді ресми өкіл, – елшіліктегі соңғы баяндамамнан бір жолын сілтеме етіп келтір. Оларға айт, мемлекеттің сыртқы істер басқармасы әдеби жауһарларға дем беріп, ат салысады де. Соңына менің атымды жаз. Тек қаламыңның сықыры естілмейтін болсын. Ұйқымды қашырып жүрер.

– Ал сен қорылдаушы болма, – деді ақ көңіл Коф, – жұмысты сен үшін мен істеп отырмын. Әйтеуір, саған біреу қол ұшын беруі керек. Баяндаманы қалай жазып жүргеніңе таңым бар. Бір минөт ұйқыңды бөлші! Мұнда тағы бір хат бар – сенің туған қалаң – Далсбургтан келіпті.

Рұқсат алу

 

 

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.