Әлем әдебиеті

ҚЫЗҒАНЫШ

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

Омер СЕЙФЕДДИН

ҚЫЗҒАНЫШ

әңгіме

Омер СЕЙФЕДДИН (1884­-1920) небәрі 36 жасында өмірден озған белгілі түрік жазушысы. Балыкесир аймағының Генен деген жерінде дүниеге келген.
Ол ертедегі шығармаларынан бастап түріктің халық тілін кеңінен қолдануға күш салған. Түрік зиялылары Зия Гөкалып пен Али Джаниб Ентеммен қосылып, ұлттық ұйысу тілден бастау алады деген таным­түсінікпен араб және парсы тілдерінің ықпалында қалған түріктің әдеби тілін қайта түзуге қам жасайды.
Омер Сейфеддиннің шығармашылық және қоғамдық қызметі қасиетті Тұран мемлекетін құрып, барша түркі халықтарының басын біріктіру идеяларына ұласты.

* * *

Али Жанибке!* Бұл әңгімені балғын жастық ша-
ғымда жазыппын. Ол кезде мен оны еш жерде жа-
риялауға батылым жетпеген. Қазір мен оны марқұм
анамның кітаптарының арасынан таптым. Мен әң-
гімені зор ықыласпен оқып шықтым, өзіме қатты
ұнады. Бұрын ол неге жаныма жақпағанын, не үшін
беталды тастай салғанымды білмедім. Неліктен ол
маған енді соншалықты ұнайтынын тағы білмедім.
Бәлкім, ол маған аяулы да жарқын анамды есіме
түсірген болар?.. Не болса да, менің қымбатты Жа-
нибім, алайда бүгін бұл әңгіме маған ең маңызды
дүниемдей көрінеді. Мұны саған арнадым.

Ахмед Сюхран бейдің не айтқанын тындаңыз. Ол уақта менің жасым бар болғаны жиырма жаста еді. Пошта-телеграф мекемесінде өте жоғары қызметте істейтін әкем ақыр аяғында менің өмірді жарамсыз іс, думан-сауық, бос дырдумен өткізгеніме, бұзықтығыма қатты ашуланды. Ол біздің әулеттің өзінен басқа, анам, әжем және кәрілігі жеткен тәтемнен тұратын барша мүшелерімен сөз байласты және олар мені шеткері аймаққа жұмысқа жіберуге деген шешімді бірауыздан қабылдады. Янин аймағының инспекторы менің әкемнің тамыры еді. Сөйтіп, маған осы аймақтың бір жеріне пошта шенеунігі ретінде аттанып кетуге тура келді. Туғандарымның пікірінше, ол жерде маған ес кіріп, байсалдануға тиіс екенмін.
Анам алыстан орағытып, кіріспе сөзін сайлап алып, өте жұмсақ һәм мейірмен сөз бастады.   

Рұқсат алу

Аударған Айгүл КЕМЕЛБАЕВА

*Али Жаниб Ентем (1888­-1967) – белгілі түрік ақыны және әдебиетшісі

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.