Әлем әдебиеті

ШЫҒЫС ШАЙЫРЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ

0

 

ШЫҒЫС ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ШЫНАРЫ

 

 

Шығыс шайырларының шығармалары

 

            Әлемдік мәдениет тарихында ерекше орын алатын парсы тіліндегі әдебиет Х-ХV ғасырлардың өзінде дамудың шыңына көтерілді. Фирдоуси, Рудаки, Омар Һаям, Сағди, Хафиз, Жәми сияқты күллі әлемді таң қалдырған парсы-тәжік ақындарының туындылары аса құнды рухани игілікке айналды. Төменде парсы тілінен аударылған үлгілерден үзінділер беріліп отыр. Тікелей аударма жасаған – шығыстанушы ғалым Өтеген Күмісбаев.

Фирдоуси «Шаһнамасынан» алынған шымып шумақтар

 

* * *

 

Патшалардың тәжісі – ақыл,

 

Атақтылардың нақышы – ақыл.

 

Ақылды таны айдары сәнді,

 

Ақыл – өмірдің қайнары мәңгі.

 

* * *

 

Ақылың сенің жаныңның көзі,

 

Дүниенің онсыз тұманды тезі.

 

Мойнында, ақыл алғашқы құрыш,

 

Сақтаушы жанды мақтаған дұрыс.

 

 

* * *

 

Адаспас үшін ақылыңды тыңда,

 

Ұстазың ол да татиды мыңға.

 

Сақтайды әркез ғұмырыңды аман,

 

Жыртылмас сірә өмірде жағаң.

 

 

 

* * *

 

Ақылың тозбай жаныңда жүрсін,

 

Қауіп-қатерден қорғап тұрсын.

 

Даналар сөзін тастама жерге,

 

Тозбассың ерсең азамат ерге.

 

 

 

* * *

 

Жақсылық пен жамандық өтер, кетер,

 

Ақылы аз байғұстар азап шегер.

Рұқсат алу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.