Әлем әдебиеті

Айгүл КЕМЕЛБАЕВА. ГЕТЕ МЕН АБАЙ

1

ӘЛЕМГЕ ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАЛАР

Айгүл КЕМЕЛБАЕВА,

жазушы, әдебиеттанушы,

«Дарын» Мемлекеттік жастар

сыйлығының лауреаты

 

ГЕТЕ МЕН АБАЙ

              Немістің ұлы ақыны, ойшыл, натурфилософ, ғалым, зерттеуші И.В. Гете антикалық әдебиеттің нағыз мұрагері болды. Гетеден аттай бір ғасырға жуық кейін туған Абайдың «Мен ескінің арты едім» деген сөзі неміс ойшылына бек жарасары анық. Екеуі де ескінің арты, жаңаның басы болғанымен, ерекшеленетін алыптар тобынан екені аян.

Иоганн – Вольфганг Гете өзінің рухани зор портретін «Арнау» атты өлеңінде астарлы суреттейді. Таң сәуледен оянған ақын тауға шықтым деп жырлайды. Символдық ұғымда тау рухани асқақтық идеясын бейнелейді; бұл – әулиелер мен данышпандар Құдайын іздеп баратын киелі жер. Қазақта «Адам күбірін тау естиді, тау күбірін Тәңірі естиді» деген құдіретті сөз бар. Тау шыңы, құз-жартас адамзатты көк аспанға төбесі тиердей таяу тұрумен тартады. Ежелгі пұтқа табыну дәуірінде тау – Құдайлардың мекені саналатын.

Өлең – құйып қойған өзі, автопортрет. Гете тау етегіндегі шық тұнған гүлдерді, тұнық аспанды көргенде жүрегін шаттық күй кернейді. Жадыраған күн нұры жанын жасартады. Ол тауға түскен тұманды қанатты деп суреттесе тегін емес, шабытына қанат бітіп, шарқ ұрады. Бұлт құрсағанда ақын алтын күн көзін көруге аңсары ауды. Ол түнектен соңғы сәуле екі есе көркем деп түйіндейді. Гетенің лирикасын құтайтып, ертегідегі тірі судай нәрлендіріп тұратын қайнар көз, ақ бұлақ – натурфилософия – неміс әдебиетінің гүл тәжі. Табиғат философиясы неміс көркем ой иелеріне ерекше етене болуымен артық.

Рұқсат алу

 

Пікірлер: (1)

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.