Әлем әдебиеті

Джон ГОЛСУОРСИ. ЖЕҢІЛІС

1

Джон ГОЛСУОРСИ

ЖЕҢІЛІС

новелла

 

           Джон ГОЛСУОРСИ (1867-1933) – әлемге әйгілі ағылшын жазушысы. Атақты «Форсайттар туралы дастан» романының авторы, Нобель сыйлығының лауреаты (1932).

         Голсуорси шығармашылығында импрессионизм мен реализм, гуманизм кеңінен көрініс тапқан. Ол – өмірдің сыршылдығы мен сұлулығын терең түсіне білген суреткер. Жазушының «Төрт желден» атты алғашқы кітабы 1897 жылы жарық көрді. Осы және осыдан кейінгі бірқатар туындылары Джон Синджон деген бүркеншік атпен жарияланды. Оның алғашқы «Күміс қорапша» пьесасы 1906 жылы жазылды. Сол жылы-ақ Форсайттар туралы трилогиясының алғашқы кітабы – «Өзімшіл» романы жарыққа шықты. Голсуорси сол кездің көптеген жазушылары сияқты негізінен драмалық шығармаларына әлеуметтік қарым-қатынастарды арқау етті.

* * *

 

                Міне, оның концерттен шығып, тротуарда селтиіп тұрғанына да біраз уақыт болды. Бұл концертке кіру үшін тұп-тура бір шиллинг төледі. Әдетте мұндай кәсіппен айналысатын әйелдер де өнерге қызығады-ау деген ой мына жұрттың миына кіріп шықпайды. Әсіресе, осы Мэй Белински сияқты (ол қазір өзін осылай атап жүр) неміс қыздарынан ондайды тіпті де күтпейді. Бірақ бұл әйел, шынымен, музыканы ұнатады. Осы қалада концерттік сауық-сайрандар ұйымдастырыла қалған кездерде міндетті түрде «музыкаға шомылып» шығуға ұмтылады. Иә, қазір де ол Моцарттың бірнеше пьесасы мен Бетховеннің симфониясын тыңдау үшін өзіндегі бар ақшаның тең жартысын сарп етті.

Оның көңілі қуаныштан алабұртып, жан сарайын әсем әуен әлдилеп, мына қаланы күміс шуаққа бөлеген көрікті жаздың мақпал кешінде ай нұрына малынып тұр. Қалай десек те, әйелдердің осындай белгілі бір тобы мұндай сирек кездесетін сәттердің өздері үшін қаншалықты қадірлі екенін жақсы біледі емес пе?

Дәл осы жерге келіп тұру ол үшін әдетке айналып кеткен сияқты. Өйткені мұнда әлі аяқтала қоймаған концерттен шығатын біреуді күткендей сыңай танытуға болады. Әйтсе де, Мэйдің жағдайы аса қауіпті еді. Себебі – қазір соғыс жүріп жатыр. Бұл болса, бөтен елде бөгде біреудің атын жамылып жүр. Дәл осындай кезде мұқым Англиядан түнгі кәсіппен айналысатын тап мұндай батыл әйелді табу қиын-ақ шығар?

Ол әлдебір әуенді ыңылдап, кітап дүкенінің алдына келді де, қолындағы көнетоз қолғабын бір шешіп, бір киіп тұрып ай жарығымен терезеден кітап сөрелеріне үңіліп қараған болды. Бірнеше рет концерт сарайының кіреберісіндегі жарнамалардың қасына барып, алдағы күннің бағдарламасын оқыған түр танытып, асықпай кері бұрылып кетті.

Ай жарығымен анық байқалатын арзан опа-далап жаққаны болмаса, үстіндегі ескілеу, біраз киіс көрген қара көйлегі мен басындағы оймақтай шляпасы онша күмән тудыра қоймайтындай.

Рұқсат алу

 

Пікірлер: (1)

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.