Әлем әдебиеті

СКРИПКАШЫ

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

Герман МЕЛВИЛЛ

СКРИПКАШЫ

новелла
Герман МЕЛВИЛЛ (1819­-1891 жж.) – американ жазушысы. Нью­-Йоркте дүниеге келген. Он сегіз жасынан бастап кемемен саяхатқа шыққан, содан кейінгі жылда­ры мұғалім болған. 1842 жылы кит аулайтын кемемен оңтүстік теңіздерге саяхат жасаған. Бір жарым жылдан кейін капитанның қаталдығына шыдамай, Маркиз аралдарында қашып кетіп, туземдіктер қолына түсіп қалған. Одан ол австралиялық кит аулайтын кемемен бостандыққа жіберіледі. Сөйтіп, 1860 жылы Мелвилл жер шарын толық айналып шығады.
1866­-1885 жылдары ол кеденде шенеунік болып қызмет етеді. Оның «Тайпи» мен «Ому» романдары обьективті шындықтан бас тартып, экзотикаға кетумен ерек­шеленеді. Ол «Моби Дик», «Сенім адамы», «Пьер», «Ақ китель, немесе әскери кеме өмірі» сынды тамаша туындылар жазды.

* * *

Сөйтіп, менің шығармама қарғыс айтылды, өшпес өнерге жанасу маған бұйырмаған болып шықты. Бұдан былай қарай және мәңгілік мен ешкім емен, сайда саным, құмда ізім жоқ. Жан төзгісіз хал!
Қалпағымды жұлып алып, мен мақаланы еденге лақтыра салдым да, Бродвейдегі үйден ата жөнелдім. Көше бойында қапталдағы көшелердің біріне таяу жақында ашылған әрі ең үздік клоунның арқасында атағы жер жарып тұрған циркке шаттық кернеген көрермендердің қалың нөпірі асығып бара жатты.
Қарсы алдымнан қуанышты үнмен ескі досым Стэндард тұра ұмтылғаны.
– Бұл сен бе, Хелмстоун? Өте қуаныштымын! Апырым-ай, өзіңе не болған сон ша? Біреуді өлтіріп тастағаннан саумысың? Соттан қашып барасың ба? Сен ақылынан адасқан жанға ұқсайсың.
– А, сен көрген екенсің ғой? – деп дауыстадым мен, сөз жоқ, рецензияны ойда тұтып.

Рұқсат алу

Аударған Айгүл КЕМЕЛБАЕВА

*Друри – Лейннен – ағылшын театрындағы әйгілі актерлер династиясы                                                                                                                                                                                                                  * Бруин – ағылшын фольклорында аюдың лақап аты
* омнибус – көп орынды күйме

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.