Әлем әдебиеті

АУДАРМА ҺӘМ ӘДЕБИ БАЙЛАНЫСТАР

1

ТӘРЖІМЕ ТУРАЛЫ ТОЛҒАМДАР

Дандай ЫСҚАҚҰЛЫ

АУДАРМА ҺӘМ ӘДЕБИ БАЙЛАНЫСТАР

Дандай ЫСҚАҚҰЛЫ филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы гуманитарлық ғылымдар академиясының және халықаралық Айтматов академиясының академигі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. С. Демирел атындағы университеттің проректоры. 1946 жылы мамыр айының 27-ші жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Қоғам ауылында дүниеге келген.

Ғалымның еңбектері негізінен қазақ әдеби сынының теориясы мен тарихына, XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің проблемаларына арналған. «Әдеби көркем сын», «Сын шын болсын», «Сын жанрлары», «Сын өнері», «Сынсонар», «Сын сымбат», «Сынталқы», «Әдебиет айдыны» сияқты еңбектерде әдеби сынның теориялық мәселелері қазақ әдебиеттануында алғаш рет арнайы зерттелініп, жеке ғылым саласы ретінде негізі салынды.

Д. Ысқақұлы жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілдері М. Жұмабаев, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, М.Ж. Көпеев жайлы жеке еңбектер жазды.

* * *

 Халықтың томаға тұйық өмір сүруі аралас-құралас күшейген заманда мүмкін болмаса, әдебиеттің дамуында да рухани байланыстар ерекше орынға ие. Даму барысында ұлттық әдебиет өзін өзгелермен салыстыра отырып, бой теңестіреді; жетістігін үкілеп, жетпей жатқан жерлерін өзгелерден үйрене отырып, жетілдіре түседі. Сондықтан да әдеби даму барысында әдеби аударма, түрлі шығармашылық қарым-қатынастар аса маңызды.

Социализм кезіндегі қазақ әдебиетінде әдеби аудармаға ерекше көңіл бөлініп, әлемдік әдебиеттің озық үлгілерімен қазақ оқырмандары кеңірек танысты. Әсіресе орыс әдебиетінен қазақшаға көбірек аударылып, бұл «совет халқының», «коммунизм құрылысшыларының» ортақ рухани қазынасын жасаудағы аса маңызды міндеттердің бірінен саналды. Сонымен бірге әлемдік әдебиеттің озық үлгілерінің бірсыпырасының қазақ тілінде жарық көргенін де айта кету керек. Қазақ әдебиетін орыс тіліне аурару саласында да біршама жұмыстар аударылды. Ал олардың аударма сапасы – өз алдына жеке әңгіме.

Рұқсат алу

Пікірлер: (1)

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.