Әлем әдебиеті

АКУТАВАНЫҢ ҮШ ЖАҢАЛЫҒЫ

0

СЫНТАЛҚЫ

А. СТРУГАЦКИЙ

АКУТАВАНЫҢ ҮШ ЖАҢАЛЫҒЫ

Әдебиет тарихында тағдыр жазуымен өзіне берілген аз ғана ғұмыр ішінде соңына талай ұрпақ жата жастанып оқыр мол мұра қалдырған жазушылар аз емес. Солардың бірі – жапон жазушысы Акутагава РЮНЕСКЭ (1892-1927). Әлем әдебиеті оны новелла жазудың теңдессіз шеберлерінің бірі санайды.

Әдебиетте өзіндік дүниетанымы, көркемдік әдіс-тәсілдері, эстетикалық тұғырнамасы, төл тақырыбы болмаған жазушылар із қалдыра алмақ емес. Ал Акутагавада осылардың бәрі де бар болып шықты.

Қазір Акутагава ашқан тәсілдер әлем әдебиетінде кең қолданыс тапқан. Бұл тәсілдер әдебиет қана емес, киноматографияның да үлесіне айналғалы біраз болып қалды. Жапон киносы патриархтарының бірі Акиро Куросаваның «Қанға былғанған тақ» атты фильмі соның бір айғағы. Бір қарағанда фильм орта ғасырлардағы жапон өмірінен сыр шертетін секілді. Фильмнің негізінде кімнің, қай халықтың туындысы жатқандығын білмейтіндерге солай да көрінеді. Ал әлем әдебиетінен хабары бар жан фильм өзегінде атақты Шекспирдің «Макбеті» және осы пьесаға мұрындық болған шотланд ертегісі жатқандығын бірден аңғарған болар еді. Жапон өмірі туралы сыр шертетін шотланд ертегісі. Ал мұндай метаморфозалар Акутагава шығармашылығында жетіп артылады. Рас, Акутагава шығармашылығының бастауында сан ғасырлық тарихы бар жапон жазба әдебиеті жатқандығы жасырын емес. Осы ыңғайдан алғанда, бәріміздің аузымыздың суы құрып тамсана беретін Кафканың атақты «Құбылуының» («Превращение») өзі де көне жапон әфсаналарының жадағай көшірмесіндей болып көрініп қалатыны бар. Осындай құнарлы топырақта пайда болған әдебиеттің осал болмасы да белгілі. Оған бүгінгі жапон әдебиеті куә.

Төменде сол әдебиеттің белді өкілдерінің бірі – Акутагава Рюнескэ шығармашылығына байланысты жазылған орыс сыншысы А. Стругацкийдің «Акутагава Рюнескэнің үш жаңалығы» атты мақаласын ықшамдап жариялап отырмыз.

І

«Бүгінді байырғының көзімен зер

салып тануға болады»

Уэди АКИНАРИ

 «Кондзяку моногатариде» («Бағзы кездер хикаялары»), он бірінші ғасырдың аяғында хатқа түсірілген әдеби ескерткіште баю мақсатында ауылын тастап астанаға келіп, Расемон қақпасының қарауыл – мұнарасында шарасыздықтан қайыршы кемпірді тонайтын ұры жайлы қысқа ғана әңгіме бар. Акутагаваның арқасында (жапон кинематографиясының да үлесі бар) бүгінгі күні осы Расемон атауы жер шарындағы әрбір мәдениетті адамға белгілі. Ал бәрі де жиырма төрт жасар студенттің әдебиеттегі өз тақырыбы жайлы ұзақ ойлануларынан кейін басталған еді. Асылы, ол ойлана келе мынадай ұйғарымға келген болса керек: «Менің тақырыбым адам рухының, адам психологиясының шексіз әлемі болуға тиіс. Әдебиет өнер болуға тиісті. Олай болса, мен де әдебиетті қарабайырлық, ақиқат өмірді жалаңаштап көрсету деп түсінетіндерге қарсымын. Олардың даңғыраларын қағып, ұлы мәртебелі өнердің мазасын алуына жол бермеуім керек. Бұл күресте шеберлік қана көмектесе алмақ. Ондай болса, менің ұстанар әдіс-тәсілдерім қандай болмақ?»

Рұқсат алу

Аударған Әмірхан БАЛҚЫБЕК

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.