Әлем әдебиеті

ИОХИДА МЕН ИОХИД

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

Исаак БАШЕВИС-ЗИНГЕР

ИОХИДА МЕН ИОХИД[1]

Атақты еврей жазушысы Исаак БАШЕВИС-ЗИНГЕР (1904­-1991) Польшада дү­ниеге келген.
Ол өзінің алғашқы әңгімесін 1925 жылы «Литерарише Блетер» альманахында жариялаған. Сол жылдары ол журналда корректор, журналист, аудармашы болып жұмыс істеді. АҚШ кеткенге дейін ол Польшада XVII ғасырдағы авантюрист тура­лы аңыздың негізінде «Гореядағы әзәзіл» аллегорикалық романын жазды.
Жазушы «Джуиш дейли форвард» еврей апталық газетінде жұмыс істей жүріп, өзінің әңгімелер мен романдарын жариялап тұрды.
Исаак Башевис­-Зингердің «Усадьба», «Поместье» романдары мен «Гимпл­-ақы­мақ», «Сеанс», «Кафканың досы» жинақтары оқырман қауымының жүрегінен берік орын алды.
1974 жылы Исаак Башевис-­Зингер «Жаулар. Махаббат оқиғасы» кітабы үшін АҚШ ұлттық кітап сыйақысына ие болды. Ал Швед ғылым академиясы оған әдебиет бойынша Нобель сыйлығын тарту етті.

Авром Суцкеверге

1
Тозаққа, яғни Жер бетіне қуылуға, соны осылай деп те атайды, жазаға кесілген жандар өз тағдырын күткен қамалда әйел жынысының жаны зарығып жатты. Өзі өмір сүрген әлемде Йохида көп күнәға батты, оған бір кезде Тәңірі Иенің тағынан – Кисэ-Хаковедтен – төменге түскен еді. Бірақ жан атаулы өзінің шыққан тегін ұмытады. Пуро – естен шығару періштесі барлық жерде билеп-төстейді, тек Эн-Соф (Құдайды каббалистік түсіндірудегі айқындалуы қиын шексіздік) қана оған бағынышты емес. Йохида бетімен кетіп жанжал шығарды, өзінің сүйіктісі Йохидпен әрбір періште қыз қитұрқы қылыққа барды деп күдіктенді. Құдайға тіл тигізген кездері де болды. Әйтпесе тіптен Құдайдың барлығын теріске шығарды. Оның ерсі түсінігі бойынша, жан атаулыны ешкім жаратпаған тәрізді, ал олар өздігінен пайда болған, ешбір мақсатсыз және ниетсіз және сондықтан, демек, лэс дин вэлэс дайен – заңдар да, соттар да жоқ.
Алайда қазылар онда бар және олар заңдарды мейлінше әділдікпен қолданады. Сол себепті олар Йохидаға үкім кесті – кезек оған жеткенде – кішкентай ғаламшар, – Жерге айдауға жіберілді.
Рұқсат алу

Аударған Айгүл КЕМЕЛБАЕВА

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.