Әлем әдебиеті

ҚОҢЫР КҮЗДЕ

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

Василий ШУКШИН

ҚОҢЫР КҮЗДЕ

әңгіме

Василий Макарович ШУКШИН (1929-1974) – көрнекті жазушы, белгілі кинорежиссер, актер. Алтай өлкесінің Сростки селенінде дүниеге келген. 1945-1947 жылдары Бийск автотехникумында оқыған, кейіннен әскери флотта қызмет еткен. 1953-1954 жылдары Василий Шукшин өзінің туған мекенінде тарих пәнінің мұғалімі және мектеп директоры қызметтерін атқарған. Алғашқы әңгімелері 1959 жылы басылып шықты. 1960 жылы ВГИК-тің режиссерлік факультетін бітіреді.

Ол өзінің еңбектері негізінде көптеген фильмдер түсіріп, бірқатар рөлдерде өзі ойнайды. Мәселен «Көл жағасында» фильмінде директор Черныхтың, «Қызыл жидек» фильмінде Егор Прокуддиннің образын сомдаған.

В. Шукшин – «Сіздің ұлыңыз бен бауырыңыз» драмасын қойған режиссер. Осы еңбегі үшін РСФСР Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды.

1974 жылы 2 қазанда дүние салды.

* * *

 Паромшы Филипп Тюрин радиодан соңғы ақпараттарды тыңдап болған соң да үстел басынан тұрып кете қоймай, тұқшиып біраз отырып қалды. Қабағын түйіп, үн-түнсіз ойға батқандай…

– Әй, бұлар қоймады-ау, – деді ызалы кейіпте.

– Кімді айтып отырсың тағы да?.. – деп еркек пішінді, серейген ұзын бойлы кемпірі гүжілдей үн қатты.

– Бомбылап жатыр! – Филипп радио жаққа қарап иек қағып қойды.

– Қай жақты жазған-ау?

– Вьетнамдықтарды да…

Кемпір күйеуінің бұл әуестігін онша жақтыра қоймайды, тіпті оның осы қылығы кейде жынын қоздырады. Осы бір саясат деген бәле үшін олардың кейде шындап ұрсып қалатын кездері де болады, бірақ қазір кемпірдің жанжалдасып жатуға мұршасы болмады, өйткені базарға асығыс жиналып жатқан-ды.

Филипп болса, түнерген күйі аспай-саспай жүріп қалыңдау киініп алды да, паромға қарай тартты.

Рұқсат алу

Аударған Нұрғали ОРАЗ

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.