Әлем әдебиеті

КҮЙЕУІН КҮТКЕН КЕЛІНШЕК

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

Фрэнсис Скот ФИЦДЖЕРАЛЬД

КҮЙЕУІН КҮТКЕН КЕЛІНШЕК

әңгіме

Фрэнсис Скотт ФИЦДЖЕРАЛЬД (1896-1940) – ХХ ғасырдағы Америка әдебиетінің классигі. Оның 1925 жылы жарық көрген «Ұлы Гетсби» атты романы әлем оқырмандарының ыстық ықыласына бөленіп, сол кездегі америка әдебиетшілерінің тұтас бір толқынына игі әсерін тигізді. Ал 1934 жылы жарияланған «Тамылжыған түн» романы байлық пен жеңілтек жүрістің қызығына берілген таланттың там-тұмдап таусылуы хақында. Оның «Соңғы магнат» атты әлеуметтік-саяси романы аяқталмай қалған… Өйткені жазушының өмірі ерте үзілді.

* * *

 Әуелі біз көне замандардағы француз қамалдары туралы айтып отырдық, одан соң әңгіме бағыты Людвиг ХІ-ші алты жыл бойы кардинал Балюді тұтқындап ұстаған темір тор, тас зындандар сияқты нәрселерге қарай ауысты. Тас зындандарды мен өз көзіммен көргенмін, тереңдігі отыз-қырық фут келетін құп-құрғақ құдық тәрізді болады, тұтқынды соның түбіне түсіріп жібереді екен де, содан соң ол байғұсқа сол жерде көзі бозарып жатқаннан басқа еш қызық қалмайды екен. Әлгі қараңғы зынданның көңілімде қандай әсер қалдырғаны әліге дейін есімнен шықпайды, жалпы, оған таңданатындай да ештеңе жоқ, менің клаустрофобияға бейімділігім сонша – тіпті вагонның күпесіне кірсем де тынысым тарылып, өзімді қоярға жер таппаймын. Содан болар, қасымдағы дәрігер кісі осы бір әңгімені бастағанда іштей қуанып қалғаным рас, өйткені бұл оқиғаның алғашқыда анау бір тірідей көмілгендер туралы әңгімелерге ешқандай қатысы жоқ сияқты көрінген.

Рұқсат алу

Аударған Нұрғали ОРАЗ

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.