Әлем әдебиеті

СОПАҚША СУРЕТ

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

Эдгар Аллан ПО

СОПАҚША СУРЕТ

новелла

Эдгар Аллан ПО – Американың ұлы жазушысы, атақты ақын. Сондай-ақ редактор, сыншы және әдебиеттегі детективті-фантастикалық жанрдың негізін қалаушы.

Ақын ретінде оқырман қауымға «Тамерлан және басқа да өлеңдер» жинағымен танылды. Оның «Бөтелке ішінен табылған қолжазба» атты әңгімесі ең үздік новелла байқауынан жеңіп шыққаннан кейін «Оңтүстік әдебиет жаршысы» журналының редакторы болды. Сонымен қатар басқа да әдеби басылымдарды басқарды.

1838 жылы оның «Артур Гордон Пиманың басынан кешкендері туралы хикаяты» мен 1840 жылы «Гротескілдер мен арабескалар» екі томдық кітабы жарыққа шығып оқырмандардың ыстық ықыласына бөленді.

Өмірінің соңғы жылдары денсаулығы сыр беріп, сәттілік пен сәтсіздіктер алма-кезек келіп, оның айналасында өсек-аян көбейіп кетеді. Сөйтіп жүріп бірде оны ессіз күйінде тауып алады. Эдгар Поны Балтиморға алып келгенімен, 1849 жылы 7 қазанда ауруханада көз жұмды.

 * * *

 Тұла бойымды буған безгектің түрі жаман. Мынау жабайы Аппениннің қойнауында тапқан-таянғанымыздың бәрі таусылып, жел ұшырып әкеткендей жер сипап қалдық. Құлазыған оқшау қамалдағы жалғыз серігім – қызметшімнің денемнен қан шығара қоярдай қауқары жоқ, әрі ол өзінен-өзі берекесі қашып, үрейі ұшып жүрген бір жан. Әрине, өзімнің де қандықол қарақшылармен айқасамын деп жүріп, көп қан жоғалтқаным тағы бар. Басқа бір жақтан көмек шақырып кел деп айтуға және жүрегім дауаламайды. Кенет темекімен бірге ағаш жәшіктің ішінде ораулы жатқан бір шөкім апиын есіме түсті. Константинопольде жүрген кезімде мен темекіге апиын қосып тартатын әдет тапқанмын. Педро жәшікті әкелді. Ішін ақтарып қарап, іздегенімді таптым. Алайда өзіме қажетті мөлшерін бөліп алар тұста ойланып қалдым. Темекімен бірге шеккен кезде жеңілдеу болатын. Әдетте мен трубкамды жартылай темекімен, жартылай апиынмен толтырып, екеуін араластырып тартатынмын. Кейде сол қойыртпақты түгел тартып тауыссам да түк әсер етпейтін. Ал кейде екі-үш сорғанда-ақ миым айналып, есімнен тана бастайтынмын да, бұдан сақтанбаса болмас дейтін ой келетін. Әрине, апиынның мөлшеріндегі аз ғана өзгерістің өзі көп нәрсені ұмыттырып жіберетіні рас-ты. Бірақ қазіргі жағдай мүлде басқаша еді. Бұрын мен ешқашан да апиынды ішіме қабылдап көрген емеспін. Ал лауданум мен морфийді қабылдаған кездерім болған. Егер олар қолымда болса, еш ойланбас ем. Бірақ таза апиынның маған әлі бейтаныс екені анық. Педроның да менен артық біліп бара жатқаны шамалы, сондықтан да мынау қиын сұрақтың шешімін қалай табарымды білмей тосылдым.

Рұқсат алу

Аударған Нұрғали ОРАЗ

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.