Әлем әдебиеті

НАПОЛЕОННЫҢ ҰЛЫ

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

Шарль ЛОРАН

НАПОЛЕОННЫҢ ҰЛЫ

роман

Шетел әдебиетіне аса мол үлес қосқан француз әдебиеті екендігі көзіқарақты оқырман қауымға белігілі. Көркем әдебиеттің даму үдерісіне француз қаламгерлері айрықша үлес қосты. Солардың қатарында Шарль ЛОРАН да бар. Ол француз әдебиетінде тарихи роман жанрын одан әрі байыта түсті. Тарихи тұлғалардың бірі – Наполеон Бонопарттың дәуіріндегі оқиғаларды өз шығармаларында пайымды да парасатты, сергек оймен және ұшқыр тілмен ұғымды түрде суреттеді.

Шарль Лоранның тарихи проза саласындағы аса құнды романдарының қатарына «Наполеонның тыңшысы», «Наполеонның ұлы» атты романдары жатады. Романдарының тілі оқуға жеңіл, баяндалуы қызғылықты, кейіпкерлерінің іс-әрекеттері батылдығымен ерекшеленді.

«Наполеонның ұлы» романының желісі әлем тарихында елеулі тұлғаға айналған әскери қолбасшы Наполеон Бонопарттың ұлы жайлы тарихи-көркем, деректі оқиғаларға және терең психологизмге негізделіп, терең суреттелген.

Наполеон ұлының әке трагедиясынан кейінгі драмаға толы тағдыры оқырманды бей-жай қалдырмайды. Тарихи деректі-көркем шығарма тарихи тұлғаның, оның ұлының қиын да қыстау бір кезеңіне арналған.

 * * *

БІРІНШІ БӨЛІМ

 ҚҰПИЯ ҚҰЖАТТАР

 І

«АЛТЫН ҚАЙШЫЛАР»

 1830 жылы жиырма бесінші шілде күні кешкі сағат жетіде Милан қаласындағы Дель-Орсо көшесінде орналасқан, маңдайшасында «Алтын қайшылар» деп жазылған француздық ішкі киімдер сататын шағын дүкен іші жалт-жұлт еткен келушілерге және сәнқой кербездерге лық толған еді. Дүкен иесі, кәрі қыз Лолив ханым биік үстел жанында отырған-ды және өзінің төңірегіндегілердің бәріне де назар аудармағандай сыңайда кесте тоқумен шұғылданды, бірақ қолымен лезде белгі беріп, дегбірінен адасып, асып-сасқан сатушыларға әлдеқандай сатып алушыларға олардың қызметі қажет екендігін көрсетіп жатты. Оның жиен қызы Шарлотта мүсінін қолдан құйғандай, әп-әдемі, еті тірі, жап-жас, аққұба бойжеткен, барша тұтынушылардың көңілінен шығып және париждік жаңа сән үлгілері туралы барлық сауалдарға жауап беру үшін жаны жай таппай, аласұрумен болды.

Рұқсат алу

 Аударған Нұрғали ҚАДЫРБАЕВ,

«Сырдария» университетінің профессоры,

жазушы-журналист

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.